Associated Press (AP) агенттігінің фотожурналисі Бурхан Озбилижи Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловтың Анкарадағы өлімі көрсетілген суреті үшін World Press Photo сыйлығына ие болды. Бұл туралы RFI агенттігі хабарлайды.
Суреттегі ресейлік елшіні мерт қылған, түрік полиция қызметкері – Мевлют Алтыншаштың бір қолында мылтық және бір қолын Андрей Карловтың өлі денесінің жанында көтеріп тұр. Беделді фотобайқаудағы қазылар алқасы түрік фотографының батылдығын атап өтті.
«Әлемдік БАҚ құралдарына жеткен, Түркия тарихындағы маңызды сәтті суретке түсіріп алдым. Қара басымды ойлап қашпай, журналист ретінде мен өз жұмысымды орындауым керек болды», – дейді Бурхан Озбилижи AFP басылымына берген сұхбатында.
Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карлов 19 желтоқсан күні Анкарадағы фотокөрмеде өлтірілген. Оған бірнеше рет оқ атқан 22 жастағы түрік полиция қызметкері Мевлют Алтыншаш аталмыш көрмеге күзетші киімімен келген. Ол оқ атпас бұрын Аллепоның кегін қайтаратындығын айтып, бірнеше мәрте айқайлап жіберген.
Айта кетейік, World Press Photo сайысында 125 елден 5000-ға жуық фотограф қатысқан. «Украинаның қаралы күндері» сериясының авторы Валерия Мельникова «Ұзақ мерзімді жобалар» категориясында жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, қазылар алқасы ресейлік фотограф Сергей Пономоревтің Ирактан жасаған фоторепортаждарын да жоғары бағалаған.
«The Qazaq Times»