Биылдан бастап мектеп директорларының кәсіби деңгейін көтеру мәселесіне баса назар аударылады. Осыған байланысты директорларды тағайындау қағидалары өзгерді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді.
Жаңа қағидаларға сәйкес, мектеп директорына үміткер төрт этаптан тұратын конкурстан өтеді. Біріншіден, мектептің қамқоршылық кеңесінен өту керек. Одан кейін заңнама тесті, облыстық білім басқармасының келісімі, аудандық, қалалық білім бөлімдеріндегі сұхбат.
Мектеп директоры тек төрт жылға тағайындалады. Әрі қарай жұмыс істеймін десе, конкурстан қайта өтуге мүмкіндігі бар.
Мектептің қамқоршылық кеңесіне әкімдік өкілдері, мектеп басшылығы, демеушілер, мектеп түлектері, ата-аналар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.