Қанша білім министрі ауысса да түбегейлі шеше алмай келе жатқан мәселенің бірі мектепке ақша жинау үрдісі. Балалар жаздық каникулға шыға сала мектеп мұғалімдері әсіресе сынып жетекшілері өздері отырған аудиторияның ремонтын мойнына алады. Ата-анадан ақша сұрай басталады.
Мектептегі оқу маусымы аяқталды, балалардың жыл бойы оқыған кабинеттерін жөндеу жұмыстары басталады. Ауыл мектептерінде жөндеуге керекті қаражат үшін ата-аналарға қолқа салады, бұл өз кезегінде көп балалы және жағдайы төмен ата-аналардың қалтасына салмақ салады. Осы орайда ата-аналардың біразында мемлекеттік бюджет есебінен жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінбей ме деген сұрақ туындайды. Әлде бөлінсе де ауылға жетпей ме? Бұл жағы қарапайым ауыл тұрғындарына беймәлім. Сондықтан жоғары жақтағыларға құлаққағыс ретінде осыған түсінікті жауап болса деп ескертеміз.
Министрлік жыл сайын мектепке ремонт болмаса басқада сылтаулармен ақша жиналмауы керек дегенімен жыл сайын осы үрдіс жалғаса береді. Осыны нақты қадағалайтын заңдың жауапкершілік керек шығар.
Жалпы мектеп ремонтына ата-анадан ақша жинау дұрыс па?
Нұрбәтима Байтұрсын
Алматы обл. Талғар ауданы,
Қызыл-қайрат ауылы


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді