Шымкент қаласында имамдар мен дін істері жөніндегі басқарма қызметкерлерінің, сонымен қатар, құрылыс басқармасы өкілдерінің қатысуымен жиын болып өтті. Жиналғандар Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы мешіттердің құрылысы мен ахуалы туралы мәселені талқылаған. Ресми мәлімет бойынша, аймақтағы мешіттердің саны қазіргі уақытта 800-ден асқан. Оның үстіне, олардың қаншасы заңды, ал қаншасы заңсыз салынғанын шенеуніктер әзірге білмейді.
«Соңғы үш жылдың ішінде 8 мешіттің құрылысына рұқсат етілді. Ал, қалғандары заңсыз салынған», - дейді Қала құрылысы және архитектура басқармасының қызметкерлері. Үстіміздегі жылдың сәуір айында елімізде діни ғимараттардың құрылысын реттейтін жаңа заңдар қабылданған еді. Енді, мектептерге 300 метр қашықтықта орналасқан мешіттердің барлығы бұзылмақ.
«Мешітті заңсыз салған адам оны өзі бұзуға тиісті. Сонымен қатар, ол жер мен құрылысқа қатысты қажетті рұқсат алып, Сәулет және қала құрылысы басқармасын хабардар етуі керек», - деген Түркістан облысының Сәулет және құрылыс басқармасының жетекшісі Бақытбай Дүйсебеков.
«Осылайша мешіттер салу бастамасын көтеруші көптеген адамдар рұқсатсыз мешіттер тұрғызып, аймақта заңсыз мешіт саны артуда. Нәтижесінде, ауылдар мен елдімекендердегі кейбір діни ғимараттар бос қалуда», - дейді шенеуніктер.
«Облыс пен Шымкент қаласында 800-ден астам мешіт бар. Олардың көбісі қаңырап тұр. Бұл оған келуші адам санының аздығынан немесе құрылыс ережелерінің сақталмауынан. Осы мешіттерге ешкім келмейтін болғандықтан, біз оларды ғибадатханаға айналдырдық» , - дейді Түркістан облысының дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Самат Сапарбаев.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?