Қазақ шала орыстанған. Құдай қазақты сақтап, алдымен Патша үкіметі, кейін Кеңес үкіметі құлап, біз қазақтық негізді сақтадық.
Еврейлер, 1948 жылы Израиль пайда болмаса басқа ұлттар мен мемлекеттерде шәйіліп, сіңіп кетер ме еді. Сонымен 1948 жылдан бастан "еврейское национально- религиозное возрождение" басталып, еврейлер еврейлікке қайта бастады. Ал біз қазақ шала орыстанған ұлт. Қазақтың төрттен бірі орысша ғана сөйлеп өмір сүреді. Сонымен бірге қазақтың 9% баласын қазақ мектебіне береді. Бірақ бүгінгі қазақ мектебі "байқаусызда" орыс мектебінің бір түріне айналды - "үштұғырлы мектеп" соның нәтижесі. "Латынша" орыстануға апаратын тағы бір амал. Қазақ баспасөзін құртатын тікелей жол. Бірақ үміт бар: қазақтықтың мәйегін бұрыңғы, кешегі, бүгінгі оралмандар мен орыстанбай келген жергілікті қазақтар сақтап "казахское национально- религиозное возрождение" жасап келеді. Қазақтың ұлттық идеясы-Қазақстанның территориялық тұтастығы, мемлекеттік тілі мен мұсылманшылықтың қазақ версиясы . Тағы екі фактор зор әсер етті- ол "Қайта құру кезеңі" (1988-1989) және Егемендік мемлекетке айналу(1991 жылдан бастап)."Қайта құру кезеңі" (1988-1989) - жас өзі ұлтжанды, өзі демократияшыл кагортаны қалыптастырды. Бірақ жүректеріндегі оты бар жігіттер бүгін шаршады, қартайды, кейбірін орысшылдар сатып алды, қалғаны - баспасөзден шеттетілді. Сонымен бірге билікке орысшыл қазақтар келіп "постколониалдық шала орысшылдық реставрация" жасамақ болды. Егемендік алған Ирландия өз еркімен ағылшын тіліне өтті. Африка мен Латын Американың көптеген мемлекеттері ана тілінен безіп, отаршылардың тіліне өтті. Төл тілінің құрдымға кеткенін жоқтап жүрген ирландық, шотландықтар(егемендік алмақ) бірақ шотландтар төл тілінен бас тартты, олардың жылағанын көрген жоқпын. Африкалықтар-французшасына мәз, ағылшынша сөйлеуге тырбанады, ал арабтар арабша сөйлесейік десем, жоқ ағылшынша деп отырып алады. Бізге Орыс мемлекетінің тіліне өту үшін енді көп әрекет керегі жоқ: алдымен қазақ тілінің берекесін кетірсе жетеді. Оған үштұғырлы мен латыншаның зауалы жеткілікті. Бара келе қазақтың өзі орыс тіліне толық өтіп, қазақ тілінің сұлбасын ұзақ сүйретіп жүрмейді. Сонымен Егемендік қазақтың мемлекеттік тіліне нақты кепілдік бермейді. Нұрекең орысшыл емес, бірақ технократ, саяси элитада негізінен орысшыл қазақтарды қолдады. Бара келе біз ұлттық сана дағдарысына кетіп барамыз. Ұлтжандылықты болашақта келесі "демократиялық толқын" ояту мүмкін, егерде бұл сценарий жүзеге асса..."Демократиялық толқын" орысшылдық сананы оятуы да мүмкін... Онда "русскоязычный" боламыз, онда сенің атың "ru"-Russian болады.