Қарақалпақ халқының трагикалық тағдыры. Кезінде Алты Алаш аталатын (Қазақ хандығы) мемлекеттің құрамында қазақтың Үш жүзінен басқа Ноғай, Қарақалпақ және Қырғыз болды. 17 ғасырдың аяғында 18 ғасырдың басында қазақ басына үлкен ұлттық дағдарыс төнді.Саяси-экономикалық дағдарыс себебінен өлкелік империя Алты Алаш державасы ыдырады. Кейін қазақ хандығының өзі Ресейдің боданына айналды. Патшалық Ресейге бодандық бара келе коммунистік отаршылдыққа апарды,патша үкіметі ыдырап Қазақстан Кеңес Одағы аталатын қызыл империяның отарына айналды. Қазақтың басына ең қиын ауыртпалық Азамат Соғысы 1918-1920 жылдары, 1921 және 1929-1933 жылдарғы ашаршылықтар және күштеп коллективтендіру жылдарында болды. Қазақтың нәубеті 1 миллион 650 мың адам ашаршылықтан қырылуына әкелді. Ал қазақтан басқасының тағдыры да ауыр болды. Алты Алаш құрамынан шыққан тек қазақ пен қырғыздың қолы егемендікке жетті. Ал қарақалпақ пен ноғайдың тарихи пешенесіне егемендік жазылмапты. Қарақалпақ Қазақ автономиясынан шығып Ресей Федерациясының автономиясына кірді, кейін қарақалпақ Өзбекстан құрамында болды. Ең қатты ыдырауда ноғайлар болды. Олардың бір бөлігі шешендер құрамына кірді, тағы бір бөлігі қарашай-шеркеш арасында қалды, ал басым бөлігі қу медиен Ноғай даласы аталатын Дағыстан автономиясына кірді. Бірақ Дағыстанда ноғайларға жергілікті өсімтал этностардан тыныштық болған жоқ. Лезгиндер, аварлар оларды шөл даладан ысыра берді.
Ал көрші ел- жұрт Қарақалпақстан (Өзбекстан құрамында) терең экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, терең ұлттық дағдарыста. Қарақалпақ ұлт өкілдері жұмыссыздықтан босып, Ресей мен Қазақстанға көшіп кетіп жатыр. Олардың бір бөлігі Қазақстанда көшіп қазақтанып, екінші бір бөлігі Қарақалпақстанда - өзбектенуде. Бара келе қарақалпақ ұлты жойлып кетуі ықтимал. 21 ғасырда бірқатар тіл және ұлттар жоққа кету мүмкін, бірақ әр елдің тарихи тағдыры – олардың ұлттық әрекеттеріне байланысты, сондықтан қарақалпақ тағдыры алдымен өздеріне байланысты.
Бұл негізгі фактор. Екінші фактор- геосаяси фактор. Өзбекстанның, Ресейдің, Қазақстанның және басқа ықпалды елдер шешуші ықпал етуі мүмкін. Өте ауыр жағдайға қырым татарларының тағдыры. Бұрын Қырым Украинаға қараған, 2014 жылдан бастап Ресей Қырымды аннексиялаған.
Содан бері Ресей әскерлері саны Қырымда көп өсті. Қырым татарлары тағдыры да ішкі және факторларға байланысты. Өте күрделі жағдайға бауырлас ұйғыр халқы ұшырады.Бүгінде Қытай ұйғырды және сонда тұратын қазақтарды күштеп сіңірмек, Біз қазаққа көрші елдің тағдырын саралап, өзіміз іштен ұлттық құндылықтарға бекініп, санымызды өсіргеніміз жөн. Тек саны көп, қуатты елмен көрші елдер санасуға мәжбүр. Сондықтан қазақ оралмандарын жинап, тегі мен тілі жақын ұлыстар қазақпен бірігіп, өз еркімен қазақтанып глобализацияға және көрші елдердің амбициясына қарсы тұра аламыз. Бізге көрші елдермен бейбіт қатар қатынас жасап, егемендікті қуаттап, демографиялық потенциалды көтеріп, тілімізді, ханафи исламға негізделген ұлт дінімізді сақтағанымыз уәж. Қазақтың үлесі елімізде 70% асты. Бірақ бүгінгі қазақтың 25% жуығы өзара орысша сөйлейді, соған қарамастан бізде төл тілімізге эксперимент жасамақпыз- үштұғырлы тіл соның айқын мысалы. Бұл қате бағыт. Қазақ тілінің одан ары күшеюіне бөгет болады. Сол жағдайды биліктегі қазақтар түсінсе. Қазақстандағы қызметкерлер тек қазақша баяндамалар мен мағлұмдама жасауға міндетті деген ұйғарымнан таймау керек. Азаматтық қоғам мемлекеттік тіл мәселесін негізгі мақсатқа алса.