Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі қырғыз-тәжік шекарасындағы Дахма аймағында оқ атылғанын хабарлады. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Ресми хабарға сәйкес, 1 желтоқсанда кешкі сағат 9-дан өткенде мемлекеттік шекараның шартты учаскесінде Тәжікстан тараптан белгісіз адамдар аңшы мылтығымен 7-8 рет оқ атқан.
Оқиға болған жерге Қырғызстан және Тәжікстанның шекара бекеттерінің қызметкерлері келіп, оқ атқандарды шұғыл іздеуге келіскен.
Шекара бойынша Баткен және Соғды облыстарының өкілдері де телефон арқылы сөйлескен.
Қырғыз тарап түнгі сағат 22:30-ге қарата жағдай тынышталғанын хабарлады. Тәжікстан тарабы әзірге ресми пікір білдірмеді.
Сол күні Баткен ауданының Көк-Таш ауылының тұрғынын көрші елдің азаматтары сабап, ол ауруханаға түскен. Қырғызстандықтар бір тәжік азаматын ұстап, кейін босатқанын мәлімдеген.
Қырғыз-тәжік шекарасында жиі қақтығыстар болып тұрады. Биыл көктемде қарулы қақтығыс орын алып, екі тараптан да ондаған адам қайтыс болып, біраз адам жарақатпен ауруханаға түскен.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді