Қатты жауған жауын-шашыннан және өзен суы деңгейінің көтерілуі салдарынан Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауылы мен Топтерек ауылын жалғап тұрған көпірді су шайып кетті. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Едімекенге қауіп жоқ, алайда Топтерек ауылының тұрғындары уақытша сыртқы әлемнен оқшауланып қалды десе де болады. Қазіргі таңда жол жабылған, бекет қойылды. Оқиға орнынан Топтерек ауылына дейін шамамен 4 шақырым. Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Күршім ауданының ТЖБ, жергілікті полиция қызметі және аудандық әкімдікпен бірлесіп азық-түлік жеткізіп, адамдарды тасуда", - делінген хабарламада.
Бұдан бұрын ШҚО әкімі Даниал Ахметов зардап шеккен елді мекендерге барып қайтқан. Ол Өскемен әкімдігінің су тасқынын алдын алу жұмыстары меен жауапсыздығын сынға алған.
"Даниал Ахметов жағдайды бағалады және жергілікті басшылардың өз ісіне деген жауапсыздығын атап айтты. Сондай-ақ, бір сағат ішінде Сәтбаев даңғылындағы қозғалысты ретке келтіруге тапсырма берді. Үйлері зақымданған барлық тұрғындарға көмек көрсетілетінін айта кету керек", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында толассыз жауған жауын-шашын мен қардың еруі салдарынан кейбір елді мекендерді су басып, тұрғындар қауіпсіз аймаққа көшірілуде.