Оңтүстік Корея (Азияның ең көп жұмыс істейтін халықтарының бірі) өмір сапасын арттыру мақсатында қалыпты жұмыс сағатын қысқарту туралы заң жобасын қыбалдады, - деп мәлімдеді The Guardian баспасы.
Оңтүстік Кореяның ұлттық ассамблеясы көпшілік дауыспен апталық 68 сағат жұмыс уақытын 52-ге қысқартты. Заң шілде айында күшіне енеді де, бірінші кезекте үлкен компанияларда содан кейін кіші кәсіпорындарда қолданылады.
Заңға кәсіпкерлер қарсылық танытқанымен, халықтың өмір сапасын көтеріп, қосымша жұмыс орындарын ашу және өнімділік деңгейін арттыру мақсатында бұл дұрыс шешім екені анықталды. Сонымен қатар елдегі туу деңгейінің артуына да бұл шешім ықпал етеді деген болжам бар (өткен жылы елдегі туу деңгейі рекордты минималды деңгейге жетті).
Оңтүстік Кореяның экономикасы 80-90 жылдары шарықтап дамып, елде "тынбай жұмыс істейтіндер" мәдениеті қалыптасты. Гендерлік теңдік пен отбасы министрі Чуң Хюн (Chung Hyun) елдегі жұмыс уақытын "адам шыдамайтындай ұзақ" деп сипаттаған болатын.
Оңтүстік Корея халқы Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы құрамындағы елдер арасында ең көп жұмыс істейтін елдердің бірі саналады (Мексикадан ғана қалып тұр).
Оңтүстік Кореяда халық Аустралия, Ұлыбритания сияқты елдермен салыстырғанда (орташа табыс деңгейі жақын елдер) жылына 400 сағатқа артық жұмыс істейді.
Ал жаңа заң жобасы апталық жұмыс сағатын 40 сағат етуді және қосымша 12 сағат қосуды ұсынады. Кореяның экономикалық зерттеулер институтының мәліметінше, жұмыс уақытының қысқаруы кәсіпорындарды жылына 12 трлн вон (11 млрд доллар) шығынға алып келуі мүмкін.
18-ге толмаған адамдар аптасына 35 сағат жұмыс істеуге құқылы.