Солтүстік Корея кеше оңтүстік көршісіне қатаң ескерту жолдады. Ел лидерінің қарындасы Ким Ио Жоң жасаған мәлімдемеде Оңтүстік Корея қорғаныс министрінің жақындағы мәлімдемесін айыптап, өздеріне қарсы қандай да бір қауіпті әрекет Сеулге тиесілі қарулы күштердің жойылуына алып келетінін ескерткен.
Оңтүстік Корея қорғаныс министрі Сюх Вук өткен жұма күні жасаған мәлімдемесінде, Оңтүстік Корея армиясы қолында әртүрлі қашықтыққа жететін және дәлдігі мен қуаты жоғары зымырандардың үлкен санына ие екенін, "Солтүстік Кореяның барлық нысандарына жоғары дәлдікпен және аса жылдамдықпен соққы беруге қабілетті" екендіктерін айтқан болатын.
Оңтүстік кореялық жоғары әскери лауазымды зымыран шабуылдарына қарсы Оңтүстік Корея қорғаныс күштерінің жоғары дайындыққа ие екенін баса айтады. Ол өздеріне қарсы зымыран шабуылдарының кез-келген белгісі байқалған жағдайда Оңтүстік Корея қорғаныс күштері қауіпті нысанды тез арада жойып жібере алатынын сенімді екенін жеткізеді. Ол және бұл даулы мәлімдемесінде Солтүстік Кореяны "Жау" деген сөзбен сипаттайды.
Ким ханымның KCNA ресми ақпарат құралына жарияланған мәлімдемесінде, Оңтүстік Корея қорғаныс министрінің бұл риторикасы оңтүстік-солтүстік қатынасын және Корей түбегінің әскери шиеленісін одан ары ушықтыру деп бағалайды. Дегенмен, ол оңтүстік кореялық жоғары лауазымдының сөзін байыппен қарайтыны, бірақ оның кейбір мәселелер бойынша қайта бағалауы керек екенін айтады. Әрі, оның бұл мәлімдемесі Оңтүстік Кореяға елеулі қауіптерді жарататынын ескертіп кеткен.
Ким Йо Жоңмен қатар КХДР билеуші партиясы ОК хатшысы Пак Жоң Чоң да мәлімдеме жасап: "Оңтүстік Корея әскерилері солтүстікке қарсы кез-келген қате шешіммен қауіпті операция жасауды немесе алдын ала соққы беру секілді өте қауіпті әскери әрекет жасайтын болса, Біздің армия Сеул мен Оңтүстік Корея армиясының негізгі нысандарын толығымен жою үшін қуатты әскери соққы жасаудан тартынбайды", – деген.
Солтүстік Корея 26 ақпан мен 4 наурыз арасында екі бірдй баллистикалық зымыран сынағын өткізгеннен кейін Корей түбегіндегі қайшылық қатты ушығып кетті. Ал, жақындағы ICBM жүйесін сынауы КХДР-ның 2017 жылдан бергі ең ауқымды зымыран сынағы саналады. Алдағы айда Оңтүстік Кореяның жаңа билігі ресми түрде келу қарсаңында Корей түбегіндегі жағдай тіпті де ушығып кетуі мүмкін деген болжамдар бар.