Оңтүстік Кореяның президент сайлауында консервативті оппозиция жеңіске жетті. «Азаматтық күш» партиясының кандидаты Иүн Сүк-Йол  (Yoon Suk-yeol) 48,59 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.

Оңтүстік Кореялық «Йонхап» агенттігінің мәліметтеріне қарап-ақ, елдегі президент сайлауының тартысты түрде өткенін көруге болады. Қазірге дейін билікте болған Демократиялық партия атынан сайлауға түскен Ли Жэ-Мион жеңімпаз оппозиция өкілінен бар болғаны 1 пайызға жетпейтін дауыспен жеңіліп қалды.

Демократтардың кандидаты кешегі сайлауда 47,83 пайыз дауыс жинаған. Сайлау нәтижесі белгілі болғаннан кейін Ли Жэ-Мион Оңтүстік Кореяның жаңа президенті болғалы тұрған Ион Сок-Йолды құттықтады.

The Qazaq Times