Лондондағы Халықаралық Стратегиялық Зерттеулер Институты (IISS) сарапшыларының мәліметіне қарағанда, Қытай біртіндеп Ресей қарулы күштеріне қаратқан әскери қуатын ендігі жерде АҚШ-қа пара-пар етуге тырысып жатыр. Әсіресе, Қытайдың заманауи әскери әуе күштері мен әскери теңіз күштерінің жаңартылуы тым тез екенін мәлімдеді. Сарапшылардың сөзіне қарағанда Еуропа мен Америка әлі күнге дейін Ресейдің әскери қуатына қарсы дайындалып, Қытайдың жедел дамып келе жатқан әскери қуатын тура бағамдамай отыр деп қарайды.

IISS 1959 жылдан бері жыл сайын әлем елдеріндегі әскери қуатын бағалау қорытындысы – «Әскери баланс» атты құжатты жариялап келеді. Бұл әлем елдерінің әскери қуатын және ұлттық қорғаныс шығындарын көрсететін құжат.

Бәріне мәлім, Қытай Халықтық азаттық армиясы реформа дәуірін бастан өткерген. Бірақ Қытай армиясы Құрама Штаттың немесе басқа елдермен бәсекелесуде болсын аса маңызды бір кезеңге жетті немесе жету алдында тұр. Халықаралық Стратегиялық зерттеу институты осы аптада «Әскери баланс» тізімінің ең жаңа қорытындысын жариялайды. Сол мәлімет арқылы бұған нақты көз жеткізуге болады.

Қытай Батыспен бәсекелесуді көздеп келді

Әрине Қытайдың дамуы мен технологиялық мүмкіндіктері айтарлықтай деңгейде. BBC-дің бұл туралы хабарында, Қытайдың "Бесінші ұрпақ жауынгері" бағдарламасы арқылы алыс аралықтағы басқарылмалы зымырандарын дамытқанын, ал былтыр ғана алғашқы ең кемелді ұшақ және зымыран тасушы авиоматкасын теңізге шығарғанын айтады. Бұл жетістіктері оның НАТО-ға төтеп беру мүмкіндігін жоғарлатады дейді BBC сарапшысы Жонатан Маркус (Jonathan Marcus).

Қытай бұған қоса екінші ұрпақ авиоматка (ұшақ тасымалдаушы әскери кеме) өндіріп, оның әскери құрамын жетілдіре түсуде. Кейбір халықаралық сарапшылар Қытайдың артиллериялық шабуыл, әуе шабуылына қарсы тұру және жер үсті операцияларына қатысты кейбір қарулары мен әскери мүмкіндіктері АҚШ-тың осы салалардағы мүмкіндіктерінен де асып түседі деп қарайды.

Кеңес одағы ыдырағаннан кейін, нақтырақ айтқанда 1990 жылдардан бері қарай Қытай Ресейден түрлі әскери техникаларды сатып ала бастады. Бұл Қытайдың теңіз әскери күштерінің кемелері мен су асты соғыс кемелерінің техникалық дамуына үлкен ықпал етті. Бұған дейін Қытайдың әскери теңіз күштері тым әлсіз болған еді.

Ал Әскери әуе күштеріне келер болсақ, қазір Қытайдың бұл әскери саласының қуатын көрсетіп тұрған J-20 жойғыш ұшақтары. Қытайдың «Бесінші буын жауынгері» ретінде сатылатын бұл техникасы ең жоғары ұшу жылдамдығы және жоғары интеграцияланған электроникаға ие. Әлемнің ең жылдап әрі әлеуетті жойғыш ұшақтарының үздіктер қатарында. Дегенмен, IISS мамандарының сараптауынша Қытай ӘӘК-ның төртінші және бесінші ұрпақ әскери техникаларын бірлесе пайдалануында бірқатар қиыншылықтар бар және  бұл мәселелерді шеше алмай жатқан көрінеді.

АҚШ пен оған одақтас елдердің «Қырғи-қабақ соғыс жылдарынан» кейінгі әуе шабуылдарында жоғалтқан әскерлерінің саны онға жетпейді. Соған сай әуе күштеріндегі кейбір осал тұстарды жетілдіру істері кешеуілдей түсті. Ал, Қытай болса осы әлсіздіктерді пайдаланып, алыс аралықтағы зымырандарды, соғыс ұшақтарына жанармай жеткізуші ұшақтарды дамытуда.

«Әскери баланс» құжатының авторлары 2020 жылға қарай Қытайдың кеңістіктен атылатын ракеталық зымыран технологиясы АҚШ пен оның одақтастарына АҚШ пен оның одақтастарына өз тактикасын, технологияларын және процедураларын қайта жаңартуға итермелейді. Сондай-ақ, әуе күштерінің қуатын, техникалық мүмкіндіктерін қайта қарауға мәжбүрлейді деп отыр.

Халықаралық стратегиялық зерттеу институтының мәліметіне қарағанда, Қытай армиясының қазіргі кезде ең кенжелеп қалған саласы құрлық әскери күштері. Мәліметке сәйкес Қытай Құрлық әскери күштерінің жартысына жуығы жаңа технологиялармен жабдықталып үлгермеген. Дегенмен бұл салада да белгілі бір прогрестер бар. Айталық Қытай 2020 жылға дейін құрлық әскери күштерін «механизациялау» және «ақпараттандыруға» қол жеткізуді алға қойып отыр. Мұндағы «ақпараттандыру» деген сөздің қандай мағынада қолданылып тұрғанын, халықаралық сарапшылар әлі күнге дейін анық айта алмай келеді. Дегенмен, соғыс кезінде ақпарат жеткізу мен қабылдаудың аса маңызды екені анық. Соған қарап Қытай қарулы күштерінің байланыс құрылғыларын түбірінен жаңартуға тырысып жатқанын бағамдауға болады.

Қытайдың көптеген жаңа әскери техникалары нақты стратегиялық мақсаттарға жетуге бағытталған. Осыдан-ақ Қытайдың Құрама Штатты өзінің басты әскери қарсыласы санайтынын білуге болады. Себебі, екі ел арасында әскери қақтығыс бола қалған жағдайда бұл соғыс Қытай қарулы күштерін Тынық мұхитқа алып шығады. Ал, Қытайдың дамытып жатқаны да теңіз және әуе әскери күштері болып отыр. Бұл әскери стратегия «Қолжетімді аймақты блоктау» деп аталады. Сондықтан Қытайдың теңіз және әуе әскери күштерін ұзақ мерзімді дамыту стратегиясы АҚШ-тың әуе-теңіз әскери күштерінің басты қауіпі болуы бек мүмкін.

"The Qazaq Times"