Бас прокурор Қайрат Қожамжаров жолаушылар тасымалы саласына тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Бас прокуратура баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, қазіргі таңа Қазақстан аумағында жолаушылар тасымалы техникалық ақауы бар және заңсыз жолмен қайта жабдықталған автокөліктер арқылы жүзеге асырылуда. Аталмыш жағдайлар жолаушылар денсаулығына орны толмас зардап алып келіп, адам өліміне себепші болып отыр. Осыған байланысты Бас прокурор Қайрат Қожамжаров көлік прокуратурасы мен облыс прокурорларына аталған салада тексерулер ұйымдастыруды тапсырған.
Естеріңізге салайық, 18 қаңтар күні Ақтөбе облысында 57 адам мінген автобус өртке оранған болатын. Салдарынан 52 адам көз жұмып, бес адам түрлі дене жарақаттарын алған. Тексеру жұмыстары барысында автобустың екі жыл бойы техникалық бақылаудан өтпегендігі және ешқандай қауіпсіздік ережелеріне сай келмейтіндігі анықталған.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды