Өзбекстан үкіметі 52 адамның өмірін қиған Қазақстандағы жолаушылар автобусындағы өрттің шығу себептерін атады.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Өзбекстан үкіметі қаңтар айының 18-і күні Қазақстан аумағында болған қайғылы оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме жасаған. Онда 52 адамның өмірін қиған жолаушылар автобусында болған өрттің шығу себептеріне өзіндік баға берілген. Өзбекстан құзырлы органдарының тексеруі бойынша, жолаушылар автобусында өрт техникалық ақаулардың салдарынан болған. Автобуста жылыту құрылғылары мен өрт сөндіру жабдықтары жұмыс істемеген және автобусқа шамадан тыс жүк тиелеген. Бұдан бөлек автобуста қарапайым қауіпсіздік ережелері ескерілмеген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Қазақстан Ішкі істер министрлігі автобустағы өрттің шығу себептерін жолаушылардың автокөлік салонында жылыну мақсатында қыздырғыш құралдарын пайдалануымен байланыстырған болатын. Бұдан бөлек тексеру барысында автобустың жолаушыларды тасмалдауға арналған арнайы лицензиясының жоқтығы анықталған.