Халық банк пен Қазкоммерцбанктің еншілес банктері де бірігеді. Бұл туралы KASE-нің ресми сайтында хабарланды.
"Казкоммерцбанк" АҚ өзінің Директорлар кеңесі "НБК-Банк" акционерлік қоғамын қосу түрінде "Москоммерцбанкті" КБ (АҚ) қайта ұйымдастыру бойынша шешім қабылдағаны туралы хабарлады",, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Москоммерцбанк Қазкомның еншілес банкі ретінде 2001 жылы құрылған. Банктің басты қызметі - шағын және орта бизнес кәсіпорындарын, корпоративтік секторды несиелендіру, банк кепілдіктерін шығару.
Ал "НБК-Банк" АҚ 1996 жылы құрылып, ол кезде "Хлебный" АҚБ деп аталған. Қаржы институтының бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан. 2004 жылы "Қазақстанның Халық банкі" АҚ аталған банктің акционері болып, кейіннен Халық банктің еншілесі болады. 2007 жылы «НБК-Банк» ААҚ атына ауыстырылады. 2017 жылы ұйымдық-құқықтық формасы ашық акционерлік қоғамнан "НБК-Банк" акционерлік қоғамы деп өзгертіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Халық банктің директорлар кеңесі Qazkom-ды Халық банкіге қосу арқылы қос банктің бірігу жобасын мақұлдаған еді. Халық банк пен Qazkom-ның интеграциясы тиісті процедуралар іс-жүзіне асқан соң және бақылаушы тарапынан келісім алынғаннан кейін кезең-кезеңмен іс-жүзіне асатын болады.