2018 жылы Қазақстан Халық Банкі АҚ-тың таза кірісі 46,7 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен банктің баспасөз конференциясында Қазақстан Халық банкі Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова айтты.
"Өткен жылы Халық банк пен Казком банктерінің бірігулері сәтті аяқталды. Салдарынан біраз техникалық мәселелер орын алған болады. Алайда, бұл процес айтып өткен сәтті аяқталды. Қазір ол нарықтың үштен бір бөлігінен артық үлеске ие. 2018 жылдың он екі айында Қазақстан Халық Банкі АҚ-тың таза кірісі негізінен пайыздық және комиссиялық кірістер өсуі есебебінен 46,7 пайызға өсіп, 254, 238 млрд теңгені құрады. Ал 2018 жылдың қорытындысы бойынша, таза пайыздық маржа 2017 жылғы 4,9 пайыздан жылдығы 5,1 пайызға өсті", - деді ол.
Сондай-ақ, басқарма төрайымы осы жылдың сәуір айында Халық банкі Өзбекстанда еншілес банк ашу туралы лицензия алуды жоспарлап отырғанын атап өтті.
«Биылғы жылдың сәуір айында біз банктің еншілес компаниясын Өзбекстанда ашу үшін толық лицензияны күтіп отырмыз. Аталған еншілес банктің ғимараты орналасатын жерді де таңдап қойдық. Өзбекстан біздің банк қызмет көрсететін алтыншы ел болмақ. Тағы бір айта кететін жайт, банк алғашқыда тек заңды тұлғаларға ғана қызмет етеді, кейін жылдың соңына қарай жеке тұлғаларға да қызмет көрсете бастайды », - деді Үміт Шаяхметова.
Бұдан соң, аталған банк Өзбекстандағы еншілес банкі бар алғашқы қазақстандық банк болады. Бүгінгі таңда, Халық банк ТМД елдерінің ішінде Қырғызстанда, Ресейде, Тәжікстанда, сонымен бірге Грузияда да қызмет көрсетеді.