ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті, деп хабарлайды, Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту мен әскеріміздің жауынгерлік дайындығын арттыру мәселелері бойынша 2017 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы жөнінде баяндалды.
Нұрсұлтан Назарбаев армия құрылғаннан бергі 25 жыл ішінде аумақтық тұтастықтың, мемлекеттің экономикалық тұрғыдан өркендеуі мен беделінің нығая түсуінің кепіліне айналғанын атап өтті.
"Біз биыл мемлекетіміздің әскери құрылымының бағыты мен оны әрі қарай дамытудың міндеттері белгіленген ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, әскери доктринаны, Қарулы Күштерді дамытудың тұжырымдамасын бекіттік. Осы құжаттарды іске асыру нәтижесінде 2020 жылға қарай Қарулы Күштеріміздің қуаты әскеріміздің жауынгерлік әлеуетінің артуы есебінен бір жарым есе өсуге тиіс. Арнаулы операциялар күшінің мүмкіндіктері үш есе артатын болады", – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, Президент Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері киберәскерінің басқару пунктін аралап көріп, ақпараттық жүйелердің киберқорғанысын қамтамасыз етудің қазіргі мүмкіндіктерімен танысты.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?