Америкалық банк бұғат қойған Ұлттық қордың қаржысы Қазақстанның жеке меншігі болып қала береді. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді. Алайда алдағы уақытта бұл активтерді сату немесе өткізу жүзеге асырылмайды.
Министрдің сөзінше, Ұлттық қорды басқарушы Ұлттық банк қажетті саясатты жүргізеді.
"Ешкім 22 миллиардты ала алмайды. Бірақ біз тіпті даулы соманы бергіміз келмейді, өйткені арбитраждық шешім алаяқтық жолмен алынған деп есептейміз. Осы жылдың басында барлық құжаттар мен дәлелдерді ағылшын сотына бердік. Ағылшын соты бізді қолдап, алаяқтық фактілері бар екенін айтып, Лондон сотында қарау керектігі туралы бұйрық берді. Тыңдаулар 2018 жылдың қазан айына белгіленді", - деді Бекетаев Үкімет отырысының клуарында.
Осы мәселеге қатысты Ұлттық банк төрағасы да жауап берді. Оның сөзінше, Ұлттық қорды басқарушы қаржы институты бұл қаржыны сыртқы басқарушы ұйымдарға орналастырады. Басқарудың құрылымын түсіндірген ол, қаржы бірнеше кастодиан банктерде орналастырылатынын айтады.
"Кастодиан банк - бұл Ұлттық қор салған барлық қаржы құралдарын есепке алу және сақтау бойынша арнайы функцияларды орындайтын банк, сондай-ақ сол бойынша есеп жүргізеді. Яғни бұл дегеніміз бірнеше кастодиан болуы мүмкін, тиісінше Ұлттық қор бойынша да бірнешеуі болады. Ал Бельгиядағы кастодиан банк - The Bank of New York Mellon. Қазіргі уақытта онда шағымға байланысты бұғатталған 22 миллиард АҚШ доллары жатыр. Өкінішке орай, шағым сомасы бұғатталған қаржы сомасымен сәйкес келмейді. Біздің үкімет пен заң кеңесшілері бірнеше рет айтқан. Негізінен тәжірибе түсінікті, біз заң бойынша бұл шешімге наразылық білдірдік", - деді Данияр Ақышев.
Айта кетейік, 21 желтоқсанда америкалық Bank of New York Mellon сот ісіне байланысты Қазақстан Ұлттық қорының 22 млрд долларына бұғат қойғаны туралы ақпарат тараған. Ұлттық қор қаржысының бұғатталуына молдовалық бизнесмен Анатолий Статидің арызы себеп болғанҚазіргі уақытта Қазақстанның Ұлттық банкі BNY Mellon-ға қарсы шағым түсірген.