Нұрсұлтан Назарбаев: «Сендер министр емес, қорқақсыңдар» - деп өзі тағайындаған үкімет мүшелері мен министрлер кабинетін "жерден алып, жерге салды".
Бүгін Астана қаласында өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышевтан бастап, министрлер қостаған үкімет мүшелерін қатаң сынға алды.
«Қаржы жүйесін... Банк құрады. Адамдар сеніп, ақшасын алып келеді. Квазимемлекеттік секторға қаржы салады, ал кейіннен өз акционерлері соны ұрлайды. Данияр (Ұлттық Банк төрағасы Ақышев) басыңмен жауап бересің. Акционерлердің ақша ұрламауын қадағалау керек. Біз бұл жерде не істеп отырмыз? Бұл толықтай қалыптаспағандықтың белгісі. Экономиканы банкроттардан тазартпағанша біз дамымаймыз. Үкімет те, банктер де ылғида сүрінетін болады. Банкрот институты нарықтық елдерде кеңінен таралған құбылыс. Сендер үкімет, министр емес қорқақсыңдар. Шешім қабылдау үшін қол-аяқтарың дірілдейді. Ондай болатын болса, неменеге жұмыс істеп отырсыңдар? Банктердің барлығын тазартыңдар да отставкаға кетіңдер. Сол кезде жұмыс болады. Сол кезде бұл үкімет әділ жұмыс істеді деп есептеймін. Барлық жасайтынымыз қол бұлғау, ал шын мәніндегі жұмыс жоқ. Премьер-министр барлық сұрақтарды шешесің. «Кетесіңдер» деп жай айттым. Кетпейсіңдер, істеңдер, баяндаңдар» - деді Назарбаев.