АҚШ-та 40 млн адам немесе әрбір сегізінші америкалық кедейлікте өмір сүріп жатыр және бұл көрсеткіш Президент Дональд Трамп жүргізіп отырған саясатқа байланысты өсуі мүмкін. Мұндай мәлімдемені БҰҰ-ның арнайы мәлімдемешісі Филип Олстон айтқан.
"Қазіргі кезде америкалық арман біртіндеп иллюзияға айналып барады. Өйткені әлемнің басқа бай елдерімен салыстырғанда АҚШ тұрғындарының әлеуметтік статусын көтеру мүмкіндігі мүлде азайып барады", - деп мәлімдеген Олстон АҚШ-қа жасаған екі апталық сапарынан кейін.
Бірақ БҰҰ сарапшысының сөзінше, Америка осыған қарамастан ең бай, қуатты, технология-инновациялық елдердің қатарында қала береді. Себебі олардың технологиясы, байлығы, күш-қуаты кедейлікте өмір сүріп отырған 40 млн адамға көмектесе алмайды.
Сондай-ақ, ол АҚШ-тың Пезиденті жүргізіп отырған қазіргі саясатқа байланысты елдегі кедейлік деңгейі арта түсуі мүмкін екенін айтады. Сарапшының пікірінше, Трамп әкімшілігінің салыққа қатысты жүргізіп отырған саясаты салдарынан Америкадағы кедей халықтың 20%-ының жағдайы одан сайын қиындай түсуі мүмкін.
БҰҰ Даму бағдарламасы ұсынған мәліметтерге сенсек, қазіргі кезде әлем халқының 10%-ы күніне 2 доллардан артық қаржы жұмсай алмайды екен.
Айта кетейік, кедейлік деңгейі Қазақстанда да қуантарлық көрсеткішке ие емес. 2016 жылы ЖІӨ өсімі бәсеңдеуі және нақты жалақының азаюынан Қазақстанның кедейлік деңгейі 19,8 пайызға дейін ұлғайған болатын. Ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 19,5, 2014 жылы 16,1 пайыз болған.