Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш арнайы мәлімдеме жасап, Украинадағы атысты тоқтатуға шақырды.
Халықаралық қауымдастықтың бас хатшысы мәлімдемесінде, соғыс болып жатқан Украинада 12 миллионға жуық адам гуманитарлық көмекке мұқтаж екенін алға тартты. Атыс болып жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау және гуманитарлық көмек жеткізу үшін тараптарды 24 сәуірде Пасха мерекесіне орай 4 күн атыс тоқтатуға шақырды.
Гутерриш алға тартқан БҰҰ мәліметіне сай, гуманитарлық көмекке зәру болып отырған адамдар саны көп ұзамай 15,7 миллионға жетуі мүмкін.
Украина СІМ басшысы Кулеба БҰҰ бас хатшысының мәлімдемесіне қарата әлеуметтік желіде пікір білдіріп, Ресейдің халықаралық қауымдастық ұсынысын қабылдауы керек екенін айтты. «Ресей Украинадағы соғысын тоқтатуы немесе гуманитарлық үзіліс беруі керек», – деген Дмитрий Кулеба.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні