Жалған ақпараттың веб-сайттар мен әлеуметтік желілерде пайда болуы соңғы уақыттарда кеңінен белең алып кеткен. Соған байланысты, ғалымдар адамдардың жалған ақпаратқа қарсы төтеп бере алатын «төзімділігін» арттыру мақсатында «екпе» жасау керек деп есептейді. Бұл туралы BBC.com хабарлайды.
Кембридж университетінің зерттеушілері бұрмалауларды анықтау үшін психологиялық инструмент жасап шығарды. Олардың болжауынша, құрылғысының аз «дозасы» болса да, өтірік ақпараттарды жоюға көмек болады. «Және бізді мазасыз жағдайға қалдырған адамдар, АҚШ-тағы сайлау мен Сириядағы жағдайлар туралы да әңгіме айтуы мүмкін» дейді зерттеушілер.
«Жалған ақпараттар өте тайғанақ келеді, таралуы жылдам – дәл вирус сияқты», – дейді Кембридж университетіндегі зерттеуші-автор Сандер Линден. – «Біздің басты мақсатымыз: жалған ақпаратты таратушыларға төтеп бере алатын күш жинау. Келесіде осындай жағдай қайталанса, халық өтірікке бірден еріп кетпейтін болады».
Зерттеу жұмыстары жасырын тәжірибе (эксперимент) ретінде Global Chalenges журналында жарияланды. АҚШ-тың 2000-нан астам тұрғыны қатысқан тәжірибе жақсы нәтижемен аяқталған. Зерттеушілердің айтуынша, алғашында, қоғамдық белсенділер қатысушыларға нақты фактілерді ұсынған. Кейіннен аталмыш фактілерге ескерту негізінде жалған ақпарат қосқан. Алайда, жалған ақпарат айтарлықтай үлкен резонанс тудырмаған.
Желіде тараған, құрастырылған немесе қолдан жасалған тарих мынау: Сайлау алдында «Роре Дональд Трамп пен «Ислам мемлекетіне» қару сататын Хиллари Клинтонды қолдады». Оны миллионнан астам Facebook қолданушылары оқыған. Әлемдегі ең үлкен әлеуметтік желі кейіннен ақпараттардың дұрыс жекізілуі үшін, жаңа мүмкіндіктердің ашылғандығын хабарлайды. Google мен Twitter-де де арнайы тексеріс болуы керек деген ұсыныстар айтылды.
Сондай-ақ, Германияның шенеуніктері, сайлау алдында, мемлекетте арнайы жалған ақпаратпен күресетін бөлімше ашылу керек деген ұсыныс тастады.
Жаңалықтарды өз қалауларынша бұрмалау – ақымақтық немесе тіпті жаңалық жоқ дегенге саяды. Айта кететіні, қазіргі таңда көптеген сайттар бар. Біршамасы шынайы ақпараттарды жеткізеді, мемлекетті басқару жұмыстарын насихаттаумен айналысады, тағы біршамасы сатира мен жалған ақпараттың аражігін ажыра алмайтын сайттар. Енді бірі саяси мақсаттарды қанағаттандыру үшін жұмыс жасайды.
"The Qazaq Times"