Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бүгін түнгі сағат 2:00-де ауаға зиянды зат шашылады деген сыңайда ақпарат тарап жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлім етті.
Көпшілік арасында тараған негізсіз хабарламада «Бүгін сағат түнгі 2-де ауаға бірдеңе шашады, бұл жолы кішкентай балаларға әсер ететін нәрсе екен. 3 күн бойы балаларыңызды далаға шығармаңыздар» делінген.
Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі мәлімет таратты.
«Құрметті халайық, сіздерден әлеуметтік желілерде тарап жатқан жалған ақпаратқа сенбей, тек ресми дереккөзге жүгінулеріңізді сұраймыз. Барлық расталған ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан және әлеуметтік желілердегі парақшаларынан алуға болады» делінген ведомствоның ресми хабарламасында.
Ерекше ескерер жайт, министрлік көрінеу жалған ақпарат таратқан адамдардың ҚР ҚК 274-бабы - «Көрінеу жалған ақапарат тарату» бойынша қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертті. ⠀
;feature=youtu.be

















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі