Түркияда жалған ақпарат таратқандарды бір жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру ұсынылды. Аталған заң қазанда ел парламентінде қарастырылады.
Бұл жөнінде Түркия конституция комитетінің өкілі Али Өзкая: «Германияда құқыққа қайшы мазмұны бар жазба анықталған жағдайда әлеуметтік желі қолданушысына контент алып тастауы үшін 24 сағат уақыт беріледі. Әйтпесе 50 миллион еуроға дейін айыппұл салынады. Германияда азаматтар заңсыз жазба жариялаған жағдайда қылмыстық іс қозғауға құқылы. Сондай-ақ «ескерту – алып тастау» шағым жүйесі енгізілген. Біздің ережелерде де бұл тармақтар болуы тиіс», – дейді.
Али Өзкаяның айтуынша, қалыпты өмірдегі қылмыс саналатын әрекеттер әлеуметтік медиада да қылмыс болып есептеледі. Дегенмен, жалған аккаунттардың кесірінен оған қарсы тиімді күрес жоқ. Сондықтан бұл мәселе жақын арада шешімін табуы тиіс.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, Түркияда әлеуметтік медиа қолданушыларының саны – 60 миллион. Елде орташа есеппен әрбір қолданушы 3 сағат уақытын ғаламтор парақшаларында өткізеді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы