2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Еуразиялық банк 9,7 млрд теңге көлемінде шығынға батқан, деп хабарлайды LS.
2016 жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда (3,4 млрд теңге) бұл көрсеткіш 2,8 есеге өскен.
Ал алық салынғанға дейінгі шығын 9,7 млрд теңгені құрап, 2,2 есеге өскен (4,3 млрд теңгеден бастап).
Банктің операциялық кірісі 0,6%-ға немесе 31,3 млрд теңгеге дейін ұлғайған. Таза пайыздық кірісі 14,9%-ға, яғни 27,5 млрд теңгеден 23,4 млрд теңгеге дейін қысқарған. Таза комиссиялық кірісі 67,7%-ға артып, 12,2 млрд теңгеге дейін жеткен.
2017 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша банк активтері 971,3 млрд теңгені құрады, бір жыл бұрын 1 трлн теңгеден сәл асқан. Бұдан көрсеткіш 3,3 %-ға төмендегенін байқауға болады.
Бұдан бөлек, компания капиталы 3%-ға немесе 92,3 млрд теңгеге дейін төмендесе, міндеттемелері 3,4%-ға (878,9 млрд теңгеге дейін) азайған.
Айта кетейік, осыған дейін ҚР Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктердің қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасына қатысатын банктердің атын атаған. Еуразиялық банк осы тізімде бар.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды