Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Capital Bank Kazakhstan"АҚ-ның банк және өзге де операцияларды жүргізуге берілген лицензиясынан айырды. Ендә аталған банкке бағалы қағаздар нарығындағы қызметке тыйым салынады.
Агенттік ақпаратына қарағанда, банк жұмысын тоқтатуға бірнеше фактор себеп болған. Олар: пруденциалды нормативтерді (Ұлттық банк бекіткен көрсеткіштер) жүйелі түрде бұзу, қадағалап ден қою шараларын жүйелі түрде орындамау, уәкілетті органның қосымша капиталдандыру жөніндегі талаптарын орындамау, төлем қабілеті төмен банктер қатарына енгізілуі.
"Лицензиядан айырылатын күні банк активтерінің мөлшері 38,5 млрд теңгені, несие портфелі – 33,9 млрд теңгені құрады, оның ішінде 30,4 млрд теңге немесе банктің несие портфелінің 89,8% -ы 90 күннен астам мерзімі өткен жұмыс істемейтін кредиттермен ұсынылған. Банктің өтімді активтерінің мөлшері 149 млн теңгені құрайды, бұл ретте орындалмаған клиенттік төлемдер көлемі 15,0 млрд теңгеден асады" делінген агенттік хабарламасында.
Банк салымшылары депозитінің 99 пайызын "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ толық өтейді. Қазір банкте уақытша әкімшілік тағайындалып, басқару соның қолына өткен.
Былтыр қыркүйек айында Tengri Bank те осыған ұқсас себептермен лицензиясынан айырылған еді