Қазан айында Bank RBK өз тұтынушыларына жеке және корпоративтік ақшасын алуға белгілі мөлшерде шектеу қойып, депозиттегі ақшаларды беруді тоқтатқан. 11 қазан күні банк акционерлерінің бірі Владимир Ким мәселені шешу үшін Ұлттық Банкпен келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлаған. Алайда, мәселе әлі күнге дейін оң шешімін таппай отыр.
Осы жағдай туралы Қазақстан ұлттық тұтынушылар лигасының" басқарма төрағасы Светлана Романовская Астанада "Нұр Отан" партиясының кеңейтілген жиынында баяндап, президенттен көмек беруін сұраған.
"Қазіргі уақытта RBK банкіне қатысты жағдай ушығып тұр. Маусым айынан бастап банк тұтынушылары, кәсіпкерлер өз ақшаларына иелік ете алмай отыр. Біз бұл жағдайды әділетсіздік деп ойламыз. Сіздің ел үшін жасап жатқан барлық еңбегіңізді, сонымен қатар, ипотека төлеушілерге де жасаған қамқорлығыңызды білеміз. Бізге, Bank RBK салымшыларына да өз көмегіңізді сұраймыз", - деді ол.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Bank RBK-дағы жағдайды "ұрлық" деп бағалап, бұл мәселені өз назарында екенін айтып өтті. "Мен бұл мәселені және онда болып жатқан жағдайды жақсы білемін. Бұл сол акционерлердің ұрлығы. Біз барлық жағдайды реттеп, ұрыларды өздерінің тиісті орнына отырғызамыз. Банк қолданушылардың ақшасын кері қайтаруға жағдай жасаймыз. Қазіргі уақытта, Ұлттық банк осы жайтқа қатысты жұмыстар жасап жатыр", - деді Президент.
Әзірге банктен ұрланған қаржы туралы не ақпарат, не сот шешімі жарияланған жоқ.
Мадина Керімқұлова


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?