Ұрыс іс-қимылдарын тоқтату режиміне кепілгер елдердің өзара келісуімен, Астана процесі аясындағы Сүрия жөнінде жоғары деңгейдегі жетінші халықаралық кездесу 2017 жылы 30-31 қазанда өтеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Келіссөздер барысында тұтқындарды, қамауда отырғандарды босату, қаза тапқандардың денелерін беру және із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру бойынша жұмыс тобының ережесін бекіту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, тараптар халықаралық терроризммен күрес мәселелерін қарастыруға және Сүрияда гуманитарлық минадан тазарту жұмыстарын жүргізу туралы бірлескен мәлімдемені қабылдауға ниетті. Өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелердің талқылануы ықтимал.
Ведомствоның мәліметінше, Астанада қыркүйекте өткен келіссөздердің алтыншы раунды тараптардың Сүрияда деэскалация аймақтарын құру туралы меморандум ережелерін іске асыру және Астана процесі аясында осыған дейін қабылданған басқа да шешімдердің орындалуы бойынша жұмысты жалғастыру ниеті расталған бірлескен мәлімдемені қабылдаумен аяқталған. Сүрияда құрылған деэскалация аймақтары аталған қақтығыстың көлемін едәуір төмендетіп, елдегі гуманитарлық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді.












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                    
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?