Сүриядағы жағдайды тұрақтандыруға арналған Астана процесінің кепіл-мемлекет көшбасшылары бүгін Анкарада бас қоспақ.
Бесінші кездесуге Иран президенті Хасан Рухани, Ресей президенті Владимир Путин қатысады. Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған мен Путин сүриялық мәселелерден бөлек әскери-техникалық серіктестікті де талқыламақ.
Үш жақты кездесудің басты тақырыбы – қыркүйекте іске қосылатын Сүриядағы конституциялық комитет жұмысын талқылау. Мұнымен қатар, тараптар 2018 жылғы меморандумның (Идлибте демилитаризацияланған аумақ құру туралы келісім) сақталу қажеттілігін де негізге алмақ.
Осыған дейін Ресей мен Түркия қорғаныс министрлері Сочиде кездесіп, Идлиб деэскалация аумағындағы ахуалды тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойған және Идлиб демилитаризацияланған аумағын құруға келіскен болатын.
Таяуда Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сүрияда қақтығыстар аяқталып, ел бейбіт өмірге көшті деп мәлімдеген. Дегенмен, шетелдік сарапшылар ресейліктердің бұл «жаңалығына» сенім білдіре қойған жоқ.
2011 жылы Сүрияда қарулы қақтығыс басталғалы бері астанада Сүрия мәселесін реттеу жөніндегі келіссөз жеті мәрте ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан келіссөзіне қолдау көрсетуші елдердің арқасында, Сүриядағы қақтығыс уақытша тоқтатылды. Ресей, Иран және Түркия аталған мәселе жөніндегі келісімшартты орындаушы кепілгер-елдер саналады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел