Сүриядағы жағдайды реттеу жөніндегі халықаралық кездесу 10-11 желтоқсанда Қазақстан астанасында өтеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлім етті.
Жиналыстың күн тәртібі бойынша тараптар ең әуелі Сүрияда қақтығыссыз аймақтар құру, сондай-ақ сол аймақтардың шекарасы мен картасы жайындағы келісімді қамтамасыз ету, бақылау механизмінің міндеттерін белгілейтін құжаттар мен координация орталығы регламентін дайындау сияқты маңызды жұмыстар жалғаспақ.
2011 жылы Сүрияда қарулы қақтығыс басталғалы бері астанада Сүрия мәселесін реттеу жөніндегі келіссөз жеті мәрте ұйымдастырылды. Астана процесіне қолдау көрсетуші елдердің арқасында, Сүриядағы қақтығыс уақытша тоқтатылды. Ресей, Иран және Түркия аталған мәселе жөніндегі келісімшартты орындаушы кепілгер-елдер саналады.
Жоғары деңгейдегі он үшінші халықаралық кездесу 1-2 тамызда Қазақстан астанасында өткен. Келіссөздерге кепілгер-елдердің (Ресей, Иран, Түркия), Сүрия үкіметінің делегациялары қатысты. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, сондай-ақ Ливан мен Ирактың жоғары өкілдері шақырылды.
Бұдан бұрын Сүрия бейбітшілік келіссөзінің төртінші, бесінші кезеңдері де астанада өткен болатын. Кездесуде Қазақстан Сүрия мәселесінің әскери жолмен шешілмейтінін, бұны тек келісімге келу арқылы шешуге болатынын жария етіп, әлемді бірлікке шақырған еді.