Испания билігі Каталонияны автономия статусынан айыруы мүмкін – деп хабарлайды Oxu.az ақпарат көзі.
РИА Новости ақпарат агенттігінің мәліметінше, жақында ресми Мадрид Каталония билігінен аймақ тәуелсіздігін жариялағаны, жарияламағаны жайында түсініктеме беруді талап еткен. Егерде Каталония билігі референдумнан кейін тәуелсіздігін ресми құжат арқылы жариялаған болса, онда Испания Ата Заңына сәйкес 155 бап күшіне енетін болады. 155 бап бойынша, Испания құрамындағы қандай да бір автономиялық аудан ресми Мадридтің келісімінсіз тәуелсіздігін жариялайтын болса, онда ол аймақ өзін-өзі басқару құқығынан айырылады.
Бұл жағдайға байланысты Испания премьер-министрі Мариано Рахой журналистер алдында сөйлеген сөзінде: «Каталония билігінің берген жауабына қарай Испания үкіметі алдағы күндері аталмыш жағдайға байланысты шешім қабылдайтын болады. Біз Каталония билігіне Конституцияның 155 бабын пайдалану арқылы ел халқының бұл оқиғаға алаңдаушылығын азайтқымыз келеді» -деген.
Естеріңізге салайық, Каталония билігі қазан айның бірі күні аймақта ресми Мадридтің келісімінсіз тәуелсіздік алуға байланысты референдум өткізген болатын. Осыдан кейін Испания билігі Каталонияға полиция мен ұлттық гвардия сарбаздарын кіргізген. Кейінен ресми Мадрид пен Каталония билігінің бұл істерін Еуропарламент қатаң сынға алып, екі жақты келісімге келуге шақырған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?