БҰҰ-ның Сүрия мәселесі бойынша арнайы өкілі Стефан де Мистура алдағы аптада Женевада Сүрия келіссөздерінің келесі раундын өткізуді ұсынды. Сүрия мәселесі бойынша талқылаулардың 8 раунды қазан айының соңы қараша айының басында өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.
Стефан де Мистура өз бастамасын былай түсіндірді: "Мен қос тарапты да (Үкімет пен Оппозиция мағынасында) Сүрия халқы алдындағы өздеріне артылған жауапкершілікті сезініп, Женевадағы келіссөздерге қатысуға шақырамын".
БҰҰ-ның Сүрия мәселесі бойынша арнайы өкілі алты жылдан астам уақытқа созылған соғыстың соңғы нүктесін қою үшін Женевада осыған дейін өткізген 7 раундтан тұратын басқосулары сәтсіз аяқталған болатын. Сүриядағы Оппозиция мен Батыс елдері Башар әл Асадтың биліктен кеткенін қалайды. Дегенмен мемлекет басшысы аталған сұранысты орындаудан бас тартып отыр.
Астанада өткен Сүрия мәселесі бойынша келіссөздер дескалациялық зоналардың құрылуына ықпал етіп, тыныштық орнату жолында бірқатар ілгерілеушілікке алып келді. Осындай пікірді ұстанатын БҰҰ-ның гуманитарлық миссиялар мен төтенше көмек бойынша өкілі Марк Лоукок әлі де Сүриядағы бейбіт халыққа көрсетілген зорлық туралы ақпараттарды күн сайын алып отырғанын жасырмады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?