Ресей Кедендік одаққа қайтадан бақылау жүргізбекші, Қазақстан арқылы жүк тасымалдаушы компаниялар абайлаңдар деп жар салуда Қытайдың WheChat әлеуметтік желісінде «Kazakhstan» деген парақшасы.
Ресей президенті Путин 29 шілдеде Кедендік одақтағы елдер арасында төмен кеден салығымен өтетін тауарларын өткізуге тыйым салу туралы құжатқа қол қойды. Осылай болғанда кедендік одақтағы мемлекеттердің кеден бақылау, басқаруын біртіндеп қалпына келтіруге болады екен.
Аталған құжат 30 күн ішінде күшіне ие болады. Үкімет төмендегідей тауарларды тексеріп бекітуге құқығы бар:
1, Кедендегі тексеру ақысы ұқсас болмаған тауарлар және кеден салығы одақтас елдерде біртұтас бекітілген тауарлар;
2, Тек қана одақтас елдер арасында тасымалданатын тауарлар;
3, Үшінші бір елден келген, сондай-ақ Кедендік одақтағы елдер жағынан жеңілдетілген бағаға ие болған тауарлар;
4, Кедендік одақтағы елдер үшін маңызды деп танылған адамдар тасымалдап отырған тауарлар;
5, Үшінші бір елден келген, сондай-ақ Кедендік одақтың белгілемелеріне бағасы сай келмеген тауарлар;
Ресейдің кеденшілеріне құрлықтық тасымал түріндегі заттарды, 3,5 тоннадан асқан тауарларды қатаң тексеру арқылы тәркілеп алуға құқықтар берілген. Олар тек кедендік өңірлер мен ашық шекаралар көлемінде ғана емес, Кедендік одаққа мүше елдер мен аудандардың төмендегідей аймақтарында да осы құқығын жүргізе алады: Дағыстан, Шешенстан, Ингушетия, Калабар-барр, Қарашай-шеркес, Солтүстік Осетия, Алтай республикасы, Алтай және Таврополя мұнарасының шекарасы, Астрахан, Брунсвик, Қорған, Жаңа Сібір, Омбы, Орынбор, Псков, Самара, Саратов, Смоленск, Теуел, Түмен облысы, Челябинск облысы қатарлы аталған аймақтар. Ресей федерациясы кедендік одақтығы келісімдерге сәйкес осы өңірлерден өткен тауарларға қатаң дәрежеде бақылау жасай алады.
Іс жүзінде, «Ресей федерациясының кеден басқару заңының» жаңа нұсқасы Ресей мен Еуропадағы экономикалық өңір арасындағы сауда байланысын күшейту негізінде жасалған. Кедендік одақтың құрылғанына 8 жыл болғанда жарыққа шыққан осы заңның мақсаты Еуропада күні бүгінге дейін шын мәнінде жүзеге аспай келе жатқан біртұтас байланысты бар деуге келтіру сияқты.
Қазақстан кедендік одақ келісімдерінің жүзеге асқан мерзімінде 400-ден астам тауардың ең төменгі салықпен, тіпті салықсыз-ақ импорттау құқығына ие болды. Армения кедендік одаққа кірген соң, алдағы 7 жылда сүт өнімдері, жұмыртқа, бал қатарлы өнімдерді, 2019 жылдан бастап жеміс-жидектерді ең тиімді салық арқылы импорттау құқығын алды. 2015 жылы тамыздан бастап кедендік одаққа кірген Қырғызстан бес жыл бойы 300 түрлі өнімді осы базарға салудың ең жеңілдетілген мүмкіндігіне қол жеткізді.
Дегенмен де осы жеңілдіктер ақырын-ақырын күшін жояды. Алайда Қазақстан өткен жылдан бастап Дүние жүзі сауда ұйымына кіргеннен кейін, жағдайы нашарлай бастады. Кедендік одақтағы бірлікке келген салық арқылы тепе-теңдікті сақтау қазақ елі үшін тиімсіз болды, Қазақстанның салыққа қатысты талабы қашанда Ресейден төмен болуы керектігі айдай әлемге белгілі болды. Сонымен ресми Астана кедендік одақтағы салықтың орташа есебін 10.4% -дан 6.5 % -ға төмендетуді ұсынды.
Басқа елдердің жағдайы да Қазақстанға жақынырақ. Армения мен Қырғыз елі бұл бойынша қыспақта қалды деуге болады. Дүние жүзі сауда ұйымындағы мамандардың пікірінше, біз кедендік салық және Еуропадағы экономикалық райондардың сыртқы саудадағы айырмашылықтарын қорғауымыз керек. Бұл елдердің сауда ұйымына кіруі кең көлемде базар ашу арқылы ел ішіндегі бюджеті азайтып, мемлекет ішкі өндірісті сүйемелдегенде ғана жүзеге асады. Мамандардың қарауынша, Ресей де Дүние жүзі сауда ұйымының қандай да бір шарттарын қамдай алады. Ал, Қазақстан, Қырғызстан, Армения заңсыз экспорт жолдары арқылы Ресей мен Беларусь елдерінің базарына кірді. Міне осындай келеңсіздікті тізгіндеу мақсатында сауда ұйымы көптеген тауарларға қарата электронды жолдармен тексеретін аспаптар қоюды белгіледі. Бұл белгілеме 2018 жылы 1 қаңтардан бастап атқарылады. Осы арқылы тек аталған елдерге ғана емес, көптеген мемлекеттердің тауарларына қатаң сараптама жасалатын болады. Міне, осылайша, Дүниежүзілік сауда ұйымы кім көрінген кіре беретін кең аула емес екенін әлемге қайтадан танытпақшы.
Батыстағы елдердің назарына айрықша іліккен аталмыш Кедендік одақ «Кеңес одағын» елестетеді. Әсіресе Дүниежүзі сауда ұйымына өздігінен ұйысқан одақтар арқылы кіріп кетудің зардабын ел аралық сауда әлемі енді тани бастады.
Сарыарқа мен Сібір даласы арқылы кететін сауда керуенін қатаң тексерудің қайта басталғанына қатты алаңдаулы екенін білдірген сараптама авторының сөз әуеніне қарасақ, Қазақ елін жиі тілге алып, әлемдік аренада қомақты теңге таба бастаған біздің елдің төңірегіндегі біраз дүниені сан саққа жүгіртіп отыр. Әсіресе, "Кедендік одақ арқылы Дүние жүзі сауда ұйымына Қазақстан кіріп кетеді деп кім ойлаған?" деген сияқты сөздерінен халықаралық сауда істерінде алары көп, берері аз болған қазақ, қырғыз, армен елдерін тұқыртқысы келетіні байқалады. Тіпті, терістіктегі көршіміздің көшбасшысы бастама етіп көтерген Кедендік одақ заңындағы өзгерістерге өкпелі сыңай танытады. Ел мен елдің шекарасы еркін болуы керек, тауар айналымын аса қатаң тексеру тым дұрыс дүние емес дегенді емексітеді.
Еліміздің және еліміз мүше болып отырған Кедендік одақтың кедергілері мен келешегі жөнінде басқа тілде жазылған жалғыз мақаланы оқырманына жеткізіп отырғандағы мақсатымыз – ел мен елдің арасындағы, тіпті, әлем халықтары арасындағы ақша керуенінен ешкім де құр алақан қалғысы келмейтінін, төңіректегі көршілер «тисе бұтаққа, тимесе терекке» деп, саудамыз жөнінде сан түрлі ақпараттар таратып жатқанын жалпақ жұртқа жеткізу.
Әділет АХМЕТҰЛЫ