Астанада «Қазақстан Халық банкі» АҚ пен «Қазпошта» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қол қою рәсіміне «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сарсенов және «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова қатысты.
Атаулы құжат Халық банкі мен Halyk Group Қазпошта үшін қызмет көрсету бөлігінде Банк және Компанияның өзара ынтымақтастығын дамытуға және Қазпошта агенттігі, пошта, сондай-ақ өзге де қызметтерді Халық банкіне жекелеген бағыттар бойынша қызмет көрсетуге бағытталған.
Атап айтқанда, Қазпошта жеке тұлғаларға банк өнімдерін сату (депозиттер, кредиттер және өзге де өнімдер) бойынша Халық банкі бөлімшелері жоқ ауылдық елді мекендерде халықтың қажеттіліктеріне байланысты автоматтандырылған бөлімшелерін ұсынады.
Сондай-ақ Халық банкінде ашылған шоттарға жеке тұлғалардың төлемдерін Қазпошта бөлімшелерінде қабылдап және өз кезегінде оны аудару мүмкіндіктері екі жақты қарастырылады.
Қазпошта филиалдық желісінің Қазақстан бойынша 3 400 бөлімшесі, 23 мың қызметкері бар. Бұл ретте, Казпошта клиенттерінің 70%-ы ауылды жерлерде тұрады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?