ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Кипрдің Сыртқы істер министрі Никос Христодулидиспен кездесіп, ынтымақтастық меморандумға қол қойды.
Кездеуде қос тарап арасындағы энергетика саласы, құрылыс, инновация, азық-түлік өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, туримз салаларына қатысты келіссөздер талыланған. Нәтижесінде, екі елдің министрлері ынтымақтастық және екіжақты саяси кеңес туралы меморандумға қол қойды. Таяуда екі жақты салық салуды болдырмау, салықтан жалтаруды алдын алу туралы Конвенциясына қол қойылмақ.
Б.Атамқұлов тілшілерге сұхбатында: «Қазақстан –Кипр қарым-қатынастарының спектрі біз қозғаған мәселелермен шектеліп қалмайды. Біздің қол жеткізген уағдаластықтарымыз өзара ынтымақ үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ. Келіссөздер барысында біз екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқыладық. Саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда нақты жоспарларды белгіледік. Сондай-ақ, халықаралық аренадағы өзара іс-қимылдың ортақ ұстанымдарына қол жеткіздік», – деді. Ал Кипр СІМ Никос Христодулидис Қазақстан тарапымен қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумдар екі ел қарым-қатынасын нығайта түспек деп мәлімдеді.
Айта кетейік, Кипр Қазақстанның Орталық Еуропа аймағындағы маңызды серіктестерінің бірі саналады. Осы уақытқа дейін Кипр ресми түрде Қазақстанның ЕҚЫҰ, БҰҰ сынды ұйымдардағы іс-әрекетін жақтап келеді.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?