Кең таралған «Тақтар ойыны» сериалының жетінші маусымын әлемнің әр еліндегі көрермендері асыға күтіп отыр. Алайда, хакерлер тобы жаңа сериялар мен бірқатар материалдарын ұрлап алғанын мәлімдеді. Бұл туралы BBC-дің онлайн қызметі хабарлайды.
Танымал «Тақтар ойыны» (Game of Thrones) сериалын түсірген америкалық HBO компаниясы хакерлік шабуыл болғанын растап отыр. Кибершабуыл арқылы 1,5 терабайт сыйымдылықтағы материал ұрланған. Хакерлер ұрлап алған сериалдың видеолары мен сценарий және өзге материалдарының бір бөлімін ғаламторға жария еткен. Алдағы уақытта тағы бір бөлімін тарқалуы мүмкін.
Хакерлер «Entertainment Weekly» басылымына хат жолдап, ғаламтор қолданушыларын сериалдың ұрланған материалдарын көшіріп алып тарқатуға шақырған.
«Тақтар ойыны» Жорж Мартинның «Муз және от жыры» атты шығармасы негізінде 2011 жылдан бері түсіріліп келеді, HBO тарихындағы ең танымал сериал. Алтыншы маусымындағы әр сериясын орта есеппен 25 млн адам көрген. Қазіргі кезде жетінші масымы бастап таратылуда. Кино-эпопеяны түсірушілер сегізінші маусыммен тәмамдалатынын айтқан болатын.