Америкалық БАҚ АҚШ-тың Мемлекеттік департаментіне кибер шабуыл жасалғаны туралы хабарлады. Бұл туралы алғашқы ақпаратты Fox News арнасы таратты.
Хабарда айтылуынша Мемлекеттік департаментке жасалған кибер шабуылды Пентагонның кибер қауіпсіздік қызметі анықтаған. Сондай-ақ, Мемлекеттік департаментке ескерту жасаған.
Бұдан екі апта бұрын жасалған кибер шабуылдың қай тараптан және қандай мақсатта жасалғаны туралы АҚШ Мемлекеттік департаменті ресми түсініктеме бермеген. Қауіпсіздік шарттарына байланысты тергеу амалдары толық жүзеге асқанша шабуылдың зардаптары туралы да мәлімет берілмейтіні ескертілген.
Соңғы жылдары, АҚШ пен Қытай арасында «кибер жауаптасудың» саны барған сайын артып келеді. Екі ел арасындағы жаңа технолония бәсекесінде тараптар бір-бірінің техно алыптарын, ірі компанияларын кибер қылмыстармен айыптап келеді. Бұған қоса Уашингтон кибер шабуылдар бойынша Мәскеу билігін де көп рет сынайды.