Соңғы кездері Қытай үкіметі қолдаған хакерлік топтардың кибер-шабуылдары жиі айыпталып жатыр. АҚШ бастаған бірқатар Батыс елдері Қытайды көптеген елдердің кибер-қауіпсіздік саласына қатер төндірді деп айыптап отыр.
Дүйсенбіде, АҚШ, Британия, Канада, Аустралия, Еуроодақ және НАТО Қытай қолдаған хакерлік топтардың көптеген елге кибер-шабуыл ұйымдастырғанын айыптаған болатын. АҚШ Әділет департаменті Қытай Ұлттық қауіпсіздік министрлігінің 4 қызметкерін көптеген елдердің үкіметтеріне, университеттері мен компанияларына ауқымды кибер-шабуыл ұйымдастырған деп айыптады.
Айыптау актісі көрсеткендей қытайлық 4 азамат Камбоджа үкіметінің сайтына хакерлік шабуыл жасаған. Олар Комбоджа үкіметінің сайтына хакерлік шабулы жасау арқылы Қытай мен Камбоджа арасында талас тудырып келген Меконг өзеніне қатысты көршілес елдің шешімдерін, үкіметтік қаулыларына қатысты құжаттарды ұрлаған. Ең қызығы осы хакерлік шабуылдар болып жатқан кезде Қытай Камбоджамен Меконг өзеніне қатысты қайшылықты шешу үшін саммит өткізіп жатқан.
Бұндай айыптау мамыр айынан бері айтылып келген. АҚШ Әділет департаментінің мәліметінше, Қытай қолдаған хакерлік топтардың шабуылдарына АҚШ, Австрия, Камбоджа, Канада, Германия, Индонезия, Малайзия, Норвегия, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Африка, Швейцария және Ұлыбритания қатарлы елдер ұшыраған.
Кеше ғана, Франция Ұлттық кибер-қауіпсіздік агенттігі де мәлімдеме жасап, Қытай қолдаған қауіпті хакерлік топтарның француз компаниялары мен қоғамдық ұйымдарына бағытталған хакерлік шабуылдары жалғасып жатқанын ескерткен. Бұған дейін Қытай Ауғанстан үкіметінің жүйесіне хакерлік шабуыл жасап, ауған президенті басқармасының маңызды құжаттарына қол салды деп айыпталған.


















АҚШ пен Ресей арасындағы теңіздегі текетірес: «көлеңкелі флотқа» жататын Marinera танкерінің ұсталуы нені аңғартады?
Ирандағы наразылық: халық пен қауіпсіздік күштері қақтығысқа бет алды, адам өлімі артты
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Ирандағы наразылықтар және АҚШ-тың риторикасы: аймақтық қауіпсіздікке ықпалы
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Ирандағы толқулар және Түркияның ұстанымы: сақтық, прагматизм және геосаяси есеп