Сондай-ақ, ол банктер бағдарламаға өз еркімен қатыса алатынын атап өтті. Қаражат банктерге қайта қайтару шарты бойынша беріледі, бұл жағдайда банк акционерлерінің де рөлі маңызды екенін атап өтті. Ал бағдарлама жұмысымен және мониторингімен айналысатын еншілес ұйым құрылады.
Смоляковтың сөзінше, алдағы 1,5 ай ішінде Ұлттық банктің еншілес ұйымы әрбір банкті сауықтыруға қатысты жеке жоспар дайындайды. Ұйым осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында іске қосылып қалуы мүмкін.
Ал Ұлттық банктің банктерді бақылау жөніндегі департаментінің директоры Олжас Қазитовтың сөзінше, бұл бағдарламаның іске қосылуының басты себебі - жұмыс істемейтін кредиттер. "Ресми мәлімет бойынша жұмыс істемейтін кредиттердің деңгейі қарыз портфелінің 11 пайызын құрайды. Бірақ біз мұны жоғарғы көрсеткіш деп есептейміз. Қайта құрылымдалған қарыздар да проблемалы болып табылады, олардың үлесі қазір 25 пайыз. Бұлар капиталға айтарлықтай қысым жасап, кредиттеуді тоқтатып отыр", - дейді ол.
Ұлттық банктің банктерді сауықтыруға жұмсап отырған қаржысы тек бұл ғана емес. Бұған дейін Қазкомға қаржы берді. Дегенмен банктер тек бұл қаржыны алып қана қоймай экономиканың өсуіне үлес қосса болғаны.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?