Түркияда чакымактық ағайындылар егіс атыздарынан 1600 жылдық тарихи жәдігер тауып алды. Бұл туралы "Түрік Теле-Радио" қызметінің ресми сайты хабарлап отыр.
Түркияның Адыяман қаласы, Гөлбашы ауданының Чакымак деген жерінде егіс атызында жүрген ағалы-інілі, Рим дәуірінен қалған көне мозайка тауып алған. Қатысты мамандардың болжауына сенсек, жыл санаудан кейінгі 4 ғасырдың еншісіне жатады. Құнды жәдігердің аз дегенде 1600 жылдық тарихы бар.
Ағайынды чакымақтықтар, сирек кездесетін Рим мозайкасын Адыяман мұражайына өткізіп берген.