21 ғасыр технология заманы. Технологияға белсенді ауысып жатқанымыз соншалық, қазір өзіңізге қажетті заттарға интернет арқылы тапсырыс бере аласыз. Бұл қазір трендке айналған. Мысалы дизайнерлік заттарды арнайы бағамен сататын интернет дүкен Gilt.com-ды қарап көрейік. 2010 жылы бұл дүкеннің табыс көлемі 400 млн долларды құрады. 2 млн-нан астам тұрақты сатып алушылары бар. Ал ол мұндай жетістіктерге жетті? Себебі дүкен сатып алушыға танымал брендтің жоғары сапалы затын қол жетімді бағамен сатып алуға болатынын дәлелдеді. Ендеше назарларыңызға Gilt.com дүкені пайдаланатын 10 маркетинг әдістемені ұсынамыз.
1. Сатылатын заттар суреттерінің жоғары сапалы болуы
Gilt.com дүкені – орта деңгейдегі тауарлар сататын дүкен емес екендігін суреттердің өзінен-ақ көруге болады. Жоғары сапалы суреттер заттардың премиум дәрежелі екенін көрсетеді. Оған қоса, суреттер күн ара ауысып тұрады, бұл бір заттың сатылымының сан алуандылығын қамтамасыз етеді.
2. Айрықшылық сезімі.
Дүкен өзінің сатып алушыларына эксклюзивті клубының мүшесі болуды ұсынады, Оларға арнайы жеңілдіктер береді. Ал оған мүше болу үшін клубтың кез-келген мүшесінен шақыру алу керек. Құпия негізі мынада, клубқа мүше басқа да жолыдары бар, алайда премиум сегменттегі заттарды сатудағы айрықшылық сезімі өте маңызды. Дүкеннің қызметкерлері клубтың мүшелері айрықшылықтығын сезіну үшін көп қызмет етеді.
3. Тауардың тарихына назар аудару
Gilt.com дүкенінде сатылатын әрбір тауар өзінің бірегей тарихымен ерекшелінеді. Ол не үшін қажет? Сатып алушылардың достарына сатып алған тауарының тарихын айтуға мүмкіндік береді. Мысалы: сатып алынған блендер 1930 жылдан бастап Бельгиялық зауыттан шектеулі таралыммен шығады, әрі ол сіздің тұратын қалаңыздағы ешбір дүкенде сатылмауы мүмкін,
4. Сатып алуға ынталандыру
Дүкен сіздің себетіңізге салып қойған әрбір тауарды сатып алу үшін 10 минут уақыт береді. Тауарлар саны шектеулі, сіз оны себетіңізге салып ұзақ уақыт ұстай алмассыз, себебі сізден басқа да сатып алушылар оған қызығушылық танытады. Сіз оны 10 минут ішінде ойланып сатып ала аласыз, осыған байланысты дүкеннің тауарды қайта қайтару мүмкіндігі де тез әрі қиыншылықсыз жүргізіледі.
5. Қосымша шақырған клиенттер үшін сыйақы қарастырылған
Дүкен клуб мүшелері арқылы шақырылып тіркелген жаңа клиенттер үшін 25 доллардан сыйақы береді. Бұл бәсекелестердің сыйақысынан бірталай көп, әрине клуб мүшелері жаңа сатып алушыларды шақыруға қызығушылық танытады
6. E-mail маркетингі
Тіркелген сатып алушылар белгілі бір күні ғана өткізілетін арнайы жеңілдіктер туралы хаттар алып тұрады. Бұл тауарлар сатылымы уақытпен шектеулі, әрі жеңілдікке ұшыраған тауарлар түрі өзгеріп тұрады.
7. Тауар күтімінің тізімі
Сайтта әрбір тауардың күтім тізімі бар, тауар біткен жағдайда сатып алушылар осы тізімге тіркеліп кезекке тұрады. Тауар қайта сатылымға шыққанда кезектегі сатып алушыларға хабарлама жіберіледі. Біріншіден, бұл сатып алушыға тауардың жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді. Екіншіден, дүкенге тауардың сатылымын жобалауға мүмкіндік береді.
8. Тауарға сапа белгісін беру
Кейбір тауарларға сапа белгісі беріледі, ол сатылған тауар көлемі және сатып алушылардың мінездемесі мен берген бағасына байланысты қалыптасады. Жаңа клиенттер өздерін қызықтырған тауардың сапасы тексерілген, әрі жоғары екенін білетін болады.
9. Белгілі бір уақытта басталатын жаппай сатылым
Gilt.com күнде сағат 12:00-де жаңа тауарлар сатылымын бастайды.Сатылым басталмай барлық тіркелген сатып алушыларға тауарлар түрі мен тізімі хатпен жіберіледі. Тек осы уақытта сатып алушылар сатылымға қатысып қызық әрі сапалы тауарларды сатып ала алады.
10. Сатудың барлық арналарын қамту
Ipad сатылымға шыға салысымен Gilt.com өздерінің тауарларын осы платформаның қосымшасы арқылы сатуға дайын болды. Сол сияқты сатылымды көбейту үшін кез келген жолды таңдау керек.
Әрине, кез-келген интернет дүкеннің Gilt.com – ның табысын қайталау қолынан келмес. Бірақ та осы кеңестерді пайдаланып, дүкеніңіздің кірісін көбейтіп, тұрақты сатып алушыларыңыздың санын арттыруығызға болады.
Ботажан Қабылбекова