2017 жылы әрбір қазақстандық қолданушы интернет-дүкендерден орташа есеппен 54 мың теңгеге зат сатып алған. Кемінде 3-4 рет сауда жасалған және бұл 2016 жылға қарағанда 2,2 есеге жоғары. "Яндекс. Касса" сарапшылары осындай мәлімет келтіріп отыр.
Мәліметке қарағанда, қазақстандықтардың жұмсайтын қаржысы 2016 жылмен салыстырғанда 4 есеге өскен. Ал оның ішінде интернет саудасы 1,8 есеге артқан. орташа чек көлемі 2,3 есеге немесе 12 689 теңгеге өскен.
Сатып алушылардың көпшілігінің онлайн сұранысы тұрмыстық техникаға, гүлге және тамақ өнімдеріне артқан. Осылайша "Яндекс. Касса" Қазақстанда онлайн сауда қандай заттарға жиі жасалатын анықтаған. Олар мыналар:
- Киім, аяқ киім, аксессуарлар
- Гаджеттер, тұрмыстық техника
- Кітаптар
- Үйге арналған заттар
- Көлікке арналған аксессуарлар мен бөлшек құралдары
- Косметика және иіссулар
- Спорт және туризмге арналған заттар
- Балаларға арналған тауарлар
- Тамақ өнімдері
Анықталғандай, онлайн сауданы ең көп жасайтындар Астана тұрғындары екен. Бас қалада тауарды онлайн алу кезіндегі орташа чек 19 867 теңгені (бір жыл бұрын 7752 теңге) құраған. Ақтөбеде орташа чек - 16 824 теңге (бір жыл бұрын 7924 теңге), Шымкентте - 16 536 теңге (4019 теңге), Алматыда - 14 814 теңге (4823 теңге), Павлодарда - 12 230 теңге (7809 теңге), Қарағандыда - 10 680 теңге (6144 теңге), Таразда - 8900 теңге (5283 теңге), Өскеменде - 8039 теңге (5110 теңге), Семейде - 5340 теңге (3503 теңге) болған.