АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі америкалық валютаға қатысты базалық мөлшерлемені 1%-дан 1,25%-ға дейін көтерді. ФРЖ-ның мәліметінше, пайыздық мөлшерлеме алдағы уақытта 1,375%-ға көтерілді. Ұйым осы жыл ішінде мөлшерді осымен екінші рет көтеріп отыр.
Ақпан айында ФРЖ базалық мөлшерлемені 0,75% деңгейінде қалдырғанмен, наурыз айында 25 базистік пунктке көтеріп, 1%-ды құраған.
Федералды резерв жұйесі дегеніміз не?
Федералды резерв жүйесі — АҚШ-та Ұлттық банк функциясын атқаратын тәуелсіз федералды ұйым деуге болады. Яғни Қазақстанның Ұлттық банкі сияқты қаржы нарығын реттеп отырады. Ерекшелігі сол - ол президент пен биліктің қандай да бір өкіліне тәуелді емес және шешімді өздері шығарады деуге болады.
Теңгеге қалай әсер етеді?
ФРЖ-ның пайыздық мөлшерлемені көтеруі тек Қазақстанның теңгесіне ғана емес, долларға тәуелді елдердің бәріне әсер етеді. Яғни ФРЖ-ның ставкасы көтерілсе доллар қымбаттайды деген сөз. Ал бұдан экономикасы инвестицияға тәуелді Қазақстан сияқты дамушы мемлекеттер жапа шегеді. Сондай-ақ, ФРЖ ставкасының жоғары болуының салдары әлемдегі шикізат бағасына, соның ішінде ең алдымен мұнай бағасының арзандауына әсер етеді.
Қазіргі уақытта мұнайдың бағасы барреліне 47,05 доллар шамасында. Ал 1 доллардың ресми бағамы 14 маусымда 316,27 теңгені құрады.
Енді осы мәліметтерді ескерер болсақ, 2016 жылға қарағанда 2017 жылдың соңғы бес айында нығайған теңге курсы қайта әлсіреп кетуі ғажап емес.