Бүгін түске дейін Қазақстандағы ақша айырбастау орындары долларды 440-450 теңгеге саудалады. Ал түскі сағат 12-ге қарай көпшілік пунктер доллар сатуды тоқтатты.
Кurs.kz мәліметінше, доллардың бірден қымбаттап кетуіне байланысты түсте ақша айырбастау орындары жұмысын тоқтатты. Бұған Вrent маркалы мұнайдың баррелі 31 долларға дейін төмендеп кетуі әсер еткен.
Елде белгілі ақша айырбастау компанияларының бағамы да сәт сайын түрленіп тұрды.
Өткен дүйсенбіде, 9 наурызда әлемде мұнай бағасы күрт арзандап, АҚШ долларына шаққандағы ұлттық валютаның бағасы 400 теңгеге құлдыраған. Бес жылдың ішінде (2015 жылы, шілде айында 198 теңге) теңге еселеп арзандады.
Бүгінгі бағамды қоса алғанда теңге айналымға енгелі бері ұлттық валютаның құны АҚШ долларына қатысты 95 есе құлдырады.


Халық ең көп жүгінетін ақша айырбастау орны бағамының 19 минут ішіндегі динамикасы.
;feature=emb_title














АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы