Алматының 2017 жылға арналған бюджеті нақтыланды. Қаланың ЖІӨ-нің 2,6%-ға артуы, жергілікті және республикалық бюджеттің кіріс жоспарының артық орындалуы және 123 млрд теңгенің үнемделуі арқылы биылғы жылдың бюджеті 48,9 млрд теңге болып бекітілді. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімдіктің мәліметінше, бірінші тоқсанда инвестиция көлемі 13%-ға, тұрғын үй салу 34%-ға, бөлшек сауда 8,6%-ға, өнім өндіру 4,5%-ға, құрылыс салу 1,6%-ға, байланыс 1,3%-ға артты. Өткен жылмен салыстырғанда республикалық бюджетке түскен салық көлемі 4%-ға, жергілікті бюджетке түскені 6% -ға көбейді. Өткен жылы жергілікті бюджеттің кіріс саласы 12,2 млрд теңгеге, республикалық бюджетте 102,6 млрд теңгеге артығымен орындалды. Дегенмен, бюджеттен алу жыл сайын өсіп келеді. Алматы еліміздің ең ірі мегаполисі екені және кең көлемді инвестицияны қажет ететіні ескеріліп, 2017 жылы бюджеттік алымдар азайды.
Мысалы, қаланың көше-жол желісін дамыту, қоғамдық көлікті пайдаланатын жолаушыларға дұрыс жағдай жасау мақсатында ұзындығы 95 км болатын жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қосымша 2,5 млрд теңге бөлінеді. 2,4 млрд теңгеге Алатау ауданындағы «Алғабас», «Ақбұлақ», Наурызбай ауданындағы «Қалқаман», «Алтын Алаш» елді мекендерінде жаңа жолдар салынады.
11,5 млрд теңгеге сервистік қызмет көрсететін ыңғайлы әрі жаңа 297 автобустар, бұлардан өзге көлік тұрағының барынша тиімді жұмыс істеуі үшін 40 эвакуатор алынады.
Қаланы көріктендіру ісіне 19,7 млрд теңге жұмсалады. Жібек жолы, Панфилов, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен Астана алаңындағы жүргінші жолдары ретке келтіріледі, Ян Гейлдің Концепциясы бойынша әр аудандағы 16 көшеде аллеялар, ландшафтар, велосипед жолдары, балалардың ойын алаңдары, көлік қозғалысының «қауіпсіз» аймақтары пайда болады. 6 скверге, бір саябаққа, бір бульварға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Төлебаев, Байсейітова көшелері мен Есентай өзенінің жағалауында 3 жүргінші аймағы пайда болады.
472 аула айналасы жөнделеді, оған 7,7 млрд теңге жұмсалады. 10 км арық және арық өтпелерінде жөндеу жұмыстары басталады, Үлкен Қарасу өзенінің жағалауы, Кіші Алматы өзені өңіріндегі гидротехникалық қондырғылар жаңартылады. Жетісу ауданындағы «Думан» елді мекеніндегі зиратты абаттандыруға 200 млн теңге бөлінеді.
Әлеуметтік салаға қосымша 2,6 млрд теңге бөлу жоспарланған. Оның 207,6 млн теңгесі білімге, яғни жеке бала бақшаларда мектеп жасына дейінгі оқытуға тапсырыс беруге, балаларды тәрбилеуге, мемлекеттік бала бақшалардағы бөлемелерді оңтайландыруға, 8 мектеп жасына дейінгі мекемелердегі апатты жағдайларды жоюға жұмсалады.
Денсаулық сақтау саласында 2018 жылы енгізілетін медициналық сақтандыруға 100% дайын болу үшін 2148 бірлік компьютер алуға және жалпы алаңы 35 000 м2 болатын 440 төсекті онкологиялық орталық құрылысын салудың жобалы-сметалық құжаттарын (ЖСҚ) дайындауға қосымша 557,9 млн теңге бөлінеді.
Тұрғындардың әлеуметтік жағынан аз қамтылған бөлігіне қолдау көрсету үшін 1,8 млрд теңге бөлу жоспарланған. Қысқа мерзімді кәсіби дайындықтан 7 мың адам өтеді, «Тұрғыны шағын үй» және «Жеке тұру орталығы» жобалары іске асып, бұларда 65 адамға қызмет көрсетіледі, бұларда күндіз мүгедек балалар тәрбиленеді. 50 нашар отбасылдар үшін Отбасы мен балаларды қолдау орталығы» құрылады. «Болашағы бар бала» пилотты жобасы қолға алынып, мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Қаланың спорттық әлеуетін арттыру үшін қосымша 758,5 млн теңге қарастырылған.
Тұрғын үй-коммнуалды шаруашылықты модернизациялау және 64 үйдегі ескі лифтерді алмастыру, 30 үйді кешенді жөндеу мен 33 үйдің шатырын жөндеу жұмыстарының ЖСҚ дайындау үшін 896 млн. теңге бөлінеді. Инженерлік желілерді салу үшін қосымша 1,9 млрд. теңге қарастырылған.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына 2,5 млрд. теңге бөлінеді. Экологияны жақсарту жөніндегі кешенді жоспар аясында көліктердің улы және залалды заттарды қаншалықты шығаратынын анықтайтын 10 бірлікті газаналитикалық кешен алынады. Бұлардан өзге төтенше жағдай кезінде тұрғындарды жылумен қамтамасыз ететін жылжымалы модульді қазандық және 7 бірлікті арнайы техника алынатын болады.
Алматыда келер жылдың аяғында БҰҰ-ның Өңірлік хабы ашылады. Оған халықаралық ұйымдардың 19 агенттігі мен өкілеттіктері қатысады. Осыған орай қажетті ЖСҚ дайындау үшін биылғы жылы 50 млн. теңге бөлінеді.
«Алматы -2020» даму Бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі - қаланың барлық аударының бірдей дамуын қамтамасыз ету. Сонымен, 2017 жылы қаланың нақтыланған бюджеті - 542,4 млрд. теңге, оның үстіне өткен жылмен салыстырғанда даму бюджеті 21 млрд теңгеге артып, 163 млрд теңгені құрады.