Аңдатпа: Орталық Азия Еуразия континентінің жүрегі әлемдегі белді елдердің назарындағы геосаяси аймақ. 2013 жалдан бастап аймақта Қытай елы «Жібек жолының экономикалық белдеуі» аймақтық экономикалық ынтымақтастық бастамасын көтерды. Алайда аймақта белді ықпалды саяси ел ретінде Ресейдің аймақтағы мүддесі басым орында және аталған бастаманың Ресейдің мүддесіне үйлесімді болуы туралы Ресейлік және Қытайлық зеріттеулерде атап айтылды. 2015 жылдан бастап Ресей елі мен аймақтағы Қаззақстан және Қырғызстан елі ЕЭО ның келісімін іске-асырды. Сол жылы Қытайдың «Жібек жолының экономикалық белдеуі» және ЕЭО ұйымы өзара селбестік орнатқандығын әлем елдеріне жария етті. Аталған екі тараптың ынтымақтастығы аймақтағы экономиканың дамуына, өнеркәсәптың дамуна өзіндік әсерін тигізетіны анық. Бұл мақалада ЕЭО мен «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасы қатынастары зеріттеледы.

Кілт сөздер: ЕЭО, Бір белдеу бір жол, Орталық Азия, Жібек жолы, Аймақтық экономикалық ынтымақтастық

 Кіріспе

Ресей әлемдегі саяси, әскери күш-қуаты жағынан әлемдегі белді ел ретінде әлемдік саясатқа араласушы алпауыт ел. Қытай әлемдегі экономикасы дамыған ел ретінде, саяси күш қуаты жағынан алпауыт елдің бірі. Қытай мен Ресей бір-бірімен тығыз және достық қарым-қатынас орнатуды қолдайды, геоаймақтық ынтымақтастықты нығайтады және көптеген сауда алмасуларын ынталандыруды қолдайды. Соңғы жылдары Қытай-Ресей кооперативтік серіктестігі жаһандық үдерісті түбегейлі өзгертіп, жаңа деңгейге көтерілді. Екінші жағынан, екі ел басқа елдердің қолданыстағы қарым-қатынас үлгілерін көшіре алмайды. Қытай-Ресей қатынастары жаһандық интеграцияны құру мен тұрақтандыру процесінің маңызды бөлігі болып табылады. Екі ел қарым-қатынасы экономикалық және сауда қатынастары, гуманитарлық қатынастар, халықаралық саясаттағы ынтымақтастық және Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен БРИКС сияқты халықаралық аймақтық ұйымдармен ынтымақтастықты қамтиды. Объективті түрде айтатын болсақ, экономикалық ынтымақтастық Қытай-Ресей қарым-қатынасының маңызды аспектісі, сонымен қатар екіжақты қарым-қатынасты дамытудың ең үлкен мүмкіндігі. Қытай-Ресей сауда және экономикалық қатынастарының мүдделік бақталастығы Ресей ықпалды деп саналатын Орталық Азия аймағында Қытайдң жібек жолы жоспарын жұзеге асыуымен тығыз байланысты.

Ши Жинпиң мен Путин БРИКС елдері жиналысында. Фото: The Wall Street Journal.

Қытай елі мен Ресейдің сауда қатынастары сонау 13-14 ғасырларда бастау алады, 1689 жылы Патшалық Ресей мен Цин Патшалығы арасында бірінші шегара келісімі «Нерчинск келісімі» қол қойысыты (Yi Rui, 2019), екі ел шегара сызығын және сауда ережесін бекітті. 1727 жылы Цин патшалығы мен Ресей шекараны белгілеу мен сауда туралы «Кяхта келісіміне» қол қойды (Yi Rui, 2019). 1762 жылы Ресей Қытайдың жүк тасымалдаушылар тобымен сауда жасау мүмкіндігін жеке отандық саудагерлерге тапсырды.Осы кезде Қытай Ресейдің маңызды сауда серіктесі болды. 18 ғасырда Ресейдің Цин патшалығы мен экспорты арасында былғарыдан жасалған бұйымдар маңызды болды. 1851 жылы Қытай мен Ресей арасындағы экономикалық және сауда қатынастарының дамуына жәрдемдесу мақсатында «Қытай-Ресей Іле Тарбағатай сауда ережелеріне» қол қойды. 19 ғасырда Ресей мен Қытай Орталық Азия мен Қазақстан арқылы сауда қатынастарын жалғастырды.

ХХ ғасырда Қытай мен Ресейде ұлкен өзгерістер болды, Қытайда да, Ресейде де феодалдық билікті құлату төңкерістері басталды. Қытай 1912 жылғы революциядан кейін Республиканы құрды, ал Ресей 1917 жылғы ақпан мен қазан төңкерістерінен кейін әлемдегі бірінші социалистік ел құрды. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен 1949 жылы ҚХР құрылғанға дейін Қытай-Ресей қарым-қатынастарының тарихында салыстырмалы түрде өзара саяси көмектесу болды (Shen Zhihua, 2011: 2). Бұл кезеңде екі елдің қарым -қатынасы салыстырмалы түрде күрделі болды, достық ынтымақтастық, сондай -ақ белгілі бір қақтығыстар мен тұрақсыздық орын алды. Ұлттық мүдделерден басқа, бұл кезеңдегі Қытай-Орыс қатынастарына ерекше күрделі фактор да әсер етті, атап айтқанда, Қытай Коммунистік партиясы мен Ресейдегі Коммунистік партия арасындағы партияаралық қатынастар. Экономикалық қарым -қатынас тұрғысынан алғанда, Кеңестік Ресей мен Қытай (әсіресе Манжоу мен Шыңжаң) өзара қажеттіліктерге негізделген, сондықтан екі жақтың саудасы тез арада қайта жанданды.

1920 жылы Қытай үкіметі мен Ресей делегациясының келісуі мен «Іле келісімі» негізінде Іле қаласында сауда мәселелері жөніндегі Кеңес үкіметі басқару кеңсесінің құрды (Shen Zhihua, 2011: 5). 1920 жылы Шыңжаңнан Кеңес Одағына былғары, мамық, жүн, шикі жібек, мақта, шай, темекі, жылқы, мал, кептірілген жемістер жеткізілді, Кеңес одағынан Қытайға қантынан, сіріңке, мұнай өнімдері, мақта маталар, біліктер, темір шойын өнімдерін жеткізілді (Shen Zhihua, 2011: 5).

1949 жылдан бастап Қытай мен Кеңес Одағы арасындағы сыртқы сауда байланыстары өзгерістің бірнеше сатысынан өтті, экономикалық және сауда қатынастарының даму бағыты өзгеруін жалғастырды. Қытай-кеңес қатынастарының тарихи траекториясы қазіргі халықаралық қатынастар тарихының дамуы мен эволюциясымен тығыз байланысты. Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейінгі 40 жыл ішінде Қытай дипломатиясының назары әрқашан Кеңес Одағымен қарым-қатынасты қалай реттеуге бағытталды және Қытай-кеңес қарым-қатынасын АҚШ бастаған Батыс елдеріның олармен болған қарым-қатынасымен байланысты болды.

«Қырғи қабақ» соғыс аяқталғаннан кейін халықаралық қатынастар кеңістігінде ұлкен өзгерістер болды, үлкен державалар арасындағы стратегиялық бәсекелестік ұлттық биліктің жан-жақты бәсекесі, ұлттық биліктің күш-қуатын көрсететін дәстүрлі элементтері ретінде әскери күш пен экономикалық күш, елдің құндылықтары, мәдениет, сыртқы саясат, саяси және заңдық құқықтық идиялар,  әлемдік сыртқы саясаттағы «жұмсақ күш» бәсекесі маңызды рөл атқарды. Дегенмен көршілес екі ел сауда қатынастары өзара байланыста болды, кейбір деректерге сүйенсек, Кеңес одағы-Қытай сауда көлемі туралы мәліметтер (миллиардтаған доллар бірлігі) (Lina, 2018): 1980 жылы-0,492, 1985 жылы-1,881, 1990 жылы- 5,4, 1991 жылы-3,9.  Бұл Қытай-Ресей қатынастары екі жақты саясаи өзгерістеге қарамастан сауда қатынастарында маңызды әріптес екенін көрсетеді.

1991 жылы желтоқсанда Кеңес Одағы ыдыраған кезде Қытай-Кеңес қарым-қатынасы тарихқа айналды, оның орнына Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясы достық қарым-қатынасты дамытудың жаңа кезеңіне өтті. Ресей Қытайға қажетті табихи ресурстардың, қару-жарақтың және әскери технологияның қайнар көзі,  және арзан отандық өнімдерді сату нарығы және мигранттар үшін таукен өнеркәсібін ашатын маңызды аймаққа айналды. 1992 жылғы 5 наурыздағы «Қытай-Ресей экономикалық және сауда байланыстары туралы келісім» екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың құқықтық негізі болды. 1996 жылы Ресей президентті Қытайға сапар барысында екі ел «ХХІ ғасырдағы стратегиялық серіктестік»  (Lina, 2018) келісіміне келісті, бұл келісім екі елдің одақтастық қатынасын білдірмейді және бұл ешқандай үшінші тарапқа қаратыдмаған, тек гегемонизмге қарсы тұру, екі ел ішкі билігіне араласпау мағынасы айтылған.

Путиннің билігі Ресей саясатында жаңа дәуірдің басталуын көрсетті. Путинның бастамасында Қытай-Ресей қарым-қатынасы ұзақ мерзімді тұрақты дамуға қол жеткізу міндетін алды. Кеңес Одағының ыдырауы мен «қырғи қабақ соғыстың» аяқталуы ХХ ғасырдың соңындағы Қытай-Орыс қарым-қатынастарында жаңа өзгеріс алып келді. Кеңес Одағының ыдырауы, Кеңес Одағы мен Қытай арасындағы 7300 шақырымдық шекараны төрт тәуелсіз ел мен Қытайдың шекарасындағы шегараға айналды. Қытай-Ресей қарым-қатынастарының тарихындағы көптеген қақтығыстар мен дағдарыстар шекара мәселелерінен туындап отырған. Бұл кезде екі ел шекарасындағы шиеленімтің ықтималдығығ азайды. ХХІ ғасырдың басынан қазіргі уақытқа дейін 1990 жылдардың екінші жартысында құрылған Қытай-Ресей стратегиялық серіктестігі казірге дейін жақсы дамыды. Бұл кезеңде Қытай үшін ірі державалар арасындағы қарым -қатынас, көрші елдер қатынасы, даму үсіндегі елдер мен көпжақты қатынастар Қытайдың халықаралық стратегиялық позициясының жалпы жағдайын белгілеп отырды  (Lina, 2018). Ресей әлемдегі держава-алпауыт ел және Қытайдың жақын көршісі, оның стратегиялық саясаты Қытай үшін аса маңызды. Путин билікке келгенен кейін Қытайдың Ресей сыртқы саясатындағы мәртебесі биіктеді .

Қытай-Ресей экономикалық қарым-қатынасы салыстырмалы түрде күрделі, бірақ қазіргі Қытай-Орыс қарым-қатынасында мүдделік қатынастары басым (Lu N, 2011). Көпжылдық кедергілерді еңсеріп, түрлі мәселелерді шешкеннен кейін, екі ел арасындағы қарым -қатынас біртіндеп қалыпқа келді. Қытай мен Ресей ақырында ХХІ ғасырда тең, сенімды және жан -жақты стратегиялық серіктестік орнату екі ел үшінде қажетты болды (Official website of the Ministry of Foreign Affairs of China, 2014). 2001 жылдың 16 шілдесінде Қытай мен Ресей 20 жылдық мерзімге « Қытай-Ресей жақсы достық пен ынтымақтастық туралы шарты» қол қойды (President of Russia, 2016). Екі ел арасында заңдық келісімдер аясында нақты қарым- қатынасты дамыту бағыттары белгіленген.

2013 жылы Қытай басшысы Орталық Азия елдеріне сапары барысында «Жібек жолының экономикалық белдеуі» тұжырымдамасын тұңғыш рет жария етті (А.М. Акматалиева, 2018). Орталық Азияда аймақтық экономикалық бастаманың Қытай тарапынан ұсыныс етілуы, әлем еледрінің қызу талықысында болды. Соныменбірге, Ресей зеріттеушілеріде ой-пікірін білдірді. Дегенмен аймақтағы ықпалды күш ретінде қаралатын Ресейдің кейінгі қадамы әлем елдерінің назарында болды. 2015 жылы Ресей аймақтағы Қазақстан және Қырғызстан елдерімен ЕЭО-ның келісім аясында нақты жұзеге асырды (Sean P., 2015). Орталық Азияның Еуразия континентіндегі стратегиялық Батыс пен Шығысты тұтастыратын маңызы. Аймаққа жақын орналасақан Қытай мен Ресейдің аймақта өрістеткен экономикалық бастамалары мүдделік қақтығыс туғызама? Деген сұрақ барлық зеріттеушілердің қызықты тақырыбы ретінде талқылануда. Алайда, 2015 жылы Ресей мен Қытай елі «ЕЭО мен Жібек жолының экономикалық белдеуі селбестігі» орнату жөнінде бірлескен декларацияға қол қойсты (Аманжол Кошанов, 2016). Екі ел өзара ынтымақтастықты дамыту туралы ресими БАҚ құралдарында және зеріттеу мәтериялдарында жария етті. Аталған екі бастаманың кейінгі селбестігін зеріттеу мақсатында олардың ортақ мүдделерін қарастыру және орлардың мүдделік шиеленісін қарастыру, соңында оған қортынды жасау аймақтағы кейінгі экономикалық шешімдер ұшін аса маңызды және осы зеріттеудің түйіны.

Орталық Азиядағы елдері. Фото: Central Asia Analytical Network.

Әдебиеттерге шолу

Ресей «Мүдделік тоғысу» терминін түсіну мен Қытайдың қолдануы түсінуде бірдей емес. 2015 жылдың мамырында шыққан «Бірлескен мәлімдемеде» орыс тіліндегі нұсқада «мүдделік тоығсу» терминінде «сотрудничество, сопряжение» қолданылды. Өзара ынтымақтастықтың, байланыстың және сәйкестіктің және ортақ дамудың, яғни, мақсатты біріктір мағынасын қамтиды. «ЕЭО» тарапы тоғысуда «ынтымақтастық» ұғымына баса назар аударатынын көруге болады, Әсіресе ынтымақтастықтың өрісі мен көлемі, ал Қытай тарапы Ресейдің «сотрудничество, сопряжение» терминының орнына «стыковка» (“对接”) немесе қазақ тілінде «мүдделік тоғысу» сөзін қолданған. Путин айтқандай: «Еуразиялық экономикалық одақ пен Жібек жолы белдеуі арасындағы ынтымақтастық ортақ экономикалық кеңістікке әкеледі жол бастайды» (Xiang Jie, 2018). Қытай мен Ресейдің «Бір белдеу»мен «ЕЭО» мүдделік тоғысу туралы түсінігі әр түрлі екенін байқауға болады, бұл екеуінің селбестік орнатуда кейінгі күн тәртібінде айқындауға тиісті факторға айналады. Ресей үкіметі, зеріттеу орталық ғалымдары мен бұқаралық ақпарат құралдары зерттеулерге үлкен қызығушылық пен ынта танытты. Олардың барлығы «Белдеу және жол» стратегиясы бойынша өз пікірлерін бөлісті. Бастаманың жұзеге асу мұмкіндігі, сақталған мәселелер, оның Ресейге ықпалы туралы зеріттеулер жұргізді. Тұтастай алғанда, Ресей мен Орталық Азия елдерінің «Жібек жолының экономикалық белдеуі» тұжырымдамасына реакциясы қолдау мен күмән-күдік көзқарасы қатар сақталған ұстанымда болды  (Xiang Jie, 2018). оның себептерін қарастырсақ кей себептерге байланысты екі ел арасында мүдделік бәсекелестік сақталған. Төменде біз екі ел арасындағы мүдделік бәсекелестікты қарастырсақ:

- Орталық Азиядағы сауда нарықына бәсекелстік

«Белдеу мен жолдың» дамуының бес негізгі бағытын атап айтсақ: саяси байланысты нығайту, жол байланысын нығайту, сауда ағымын күшейту, валюта айналымын иелеу және халық арасындағы байланысты нығайту (РИА Новости, 2015). Бұл бес түрлі стратегия Қытайдың экономикалық мүддесін аталған аймақтта арттырады. Кедергісіз сауданы күшейту, сауда кедергілерін жою, сауда мен инвестициялық шығындарды азайту, аймақтағы экономикалық бизнестің жылдамдығы мен сапасын жақсартыды. Дегенмен бұл Ресейдің аймақтағы тауарларын нарыққа ие болуына кердергі келтіруі мұмкін үйтені Қытай тауары арзан. Қытай бұл елдерге жатпайтын арзан тауарлар мен жұмыс күшін бере алады. Сонымен қатар, Мәскеу Қытаймен сауданы кеңейту Ресейдің ықпалын төмендетеді деп алаңдайды: Қытай зеріттеушісінің 2019 жылғы зерттеуіне негізделсек Қазіргі уақытта Ресейдің Қытайға экспортының 95% -ы шикізат болса, Қытайдың Ресейге экспорты негізінен жоғары деңгейдегі өңделген өнімдер (Li Qian, 2019). Валюта айналымын күшейту-ұлттық валютаны есептеу арқылы валюталық ағынды ұлғайту, бұл Қытайлық валюта-Юан қолдануды кеңейтеді, Рубль болса Юанан арзан екені анық, ал Қытай ТМД елдерінің маңызды сауда серіктесі болғысы келеді. ТМД елдерінің Ресей нарығына экспорттық бағдары болғанымен, олар негізінен Қытай тауарларын тұтынады. Халықтар арасындағы байланыстарды күшейту-аймақтағы елдер арасындағы «жұмсақ күшін» белсенді дамытуды көздейді. Мұның бәрі белгілі бір дәрежеде Ресей мен Орталық Азия елдеріне белгілі бір қауіп төндіреді.

Орталық Азия Қытайдың сауда серіктестері арасында жоғары орынға ие болмаса да, Қытайдың импорты мен экспортының шамамен бір пайызын құрайды, Қытай Орталық Азияның ең маңызды сауда серіктесі болып табылады.

 

Орталық Азия елдері Қытайдан Импорт Қытайға Экспорттау
  Қытайдың ОАсыртқы импорттаық

саудадағы рейтингі

сауда көлемі

(миллион доллар)

Импорттаудұстайтын пайыз Қытайдың ОА сыртқы экспорттық

саудадағы рейтингі

сауда көлемі

(миллион доллар)

Экспорттауда

Ұстайтын

Пайзы

 

Қазақстан 2 6,537 17% 2 7,823 13.6%
Қырғызстан 1 1,733 35.4% 6 81 4.1%
Тәжікстан 3 605 18.2% 5 55,4 5%
Түрiкменстан 3 431 14.3% 1 8,686 80.2%
Өзбекстан 1 5,052 23.1% 3 1,768 12.3%

Кесте- 1: ОА дағы импорт экспортта Қытайдың ұстайтын салмағы-China Briefing зеріттеу орталығының мәлметі

2019 жылғы China Briefing зеріттеу орталығының статестика негізінде, Қытайдың Орталық Азияелдері импорт бойынша Қырғызстан мен Өзбекстанның ең ірі сауда серіктесі және экспорт бойынша Түркіменстанның ірі сауда серіктесі болып табылады. Қытай Орталық Азияның басқа елдерінің импорты мен экспорты бойынша да маңызды орынға ие (China Briefing, 2020). Аймақта ЕЭО негізінде экономикалық басымдылыққа ие Ресей үшін бұл кейінгі күн тәртібінде бәсекелестік туғызатыны белгілі.

- Көлік инфрақұрлымдағы бәскелестік

«Жібек жолының экономикалық белдеуі» тұжырымдамасының Ресейдің ұлттық мүдделеріне сәйкес келмеуінің тағы бір себебі - «21 ғасыр теңіз жібек жолының» «Бір белдеу - бір жол» стратегиясы Ресейдің қолданыстағы көлік инфрақұрылымына әсер етеді. Сібір теміржолы мен Солтүстік теңіз, бұл үлкен бәсекелестік сынақ. Газпром Азия нарығын дамыта бастады. Дегенмен Қытайдың көлік дәлізі мен желілері дамыту бастамасы Ресей ішкі нарықына әсер етеуы бұлда бір күдіктену. «Көлікті дамыту дәлізі» үшін Ресейдің де өз жобалары бар, бірақ ол, әрине, «Белдеу және жол» сияқты жанжақты бағыттарды қамтымаған. Ресей темір жолдарын дамыту инфрақұрылымдық жобаны-«Трансъевразийский пояс» (Осипов Г.В, 2020) дамыту бағыты бар. Жобаның мақсаты - көлік, энергетика және телекоммуникация инфрақұрылымы жүйелерін қамтитын жаңа индустриалды өрістерді құру және әр түрлі салаларды бірнеше объектілерге біріктіру. Инфрақұрылым өнімдер мен ресурстарды өндіру мен тасымалдау процесінде стратегиялық жоспарлауды жеңілдете алады. Оны жүзеге асыру қиындықтар туғызуда. Жоба Беринг бұғазы арқылы Лондон мен Алясканы байланыстыруды жоспарлап отыр. Бұл жобаға салынатын инвестиция көлемі әлі анықталған жоқ, Ресей үшін бұл көпірдің құрылысы қазірдің өзінде өте қиын, бұл жобаны жұзеге асыруда темір жол құрлысында қиындықтар туғызады. «Трансеуразиялық белдеу» жобасы Ресейлік инфрақұрылымдық бастама Қытайдың «Жібек жолының экономикалық белдеуімен» ешқандайда қайшылық болмайды, дегенмен екі елдің тарнсшегаралық көлік жобасында бәсекелестік сақталады.

-Техникалық қызмет көрсету стандарттары сәйкес келмеу мәселесі

Түрлі техникалық стандарттар қазірдің өзінде Қытай және ЕЭО араындағы практикалық мәселе болып табылады. Мысал ретінде теміржолды алайық. ЕЭО кіретін елдердің теміржол қозғалысының жағдайы әр түрлі, бірақ олардың барлығы салыстырмалы түрде артта қалды. Алайда, теміржол рельстерінің дизайны бойынша Қытай мен Одақ арасында «сапалық» айырмашылық бар.Қытай әрқашан құрылыста халықаралық стандарт бойынша қабылданған 1435 мм калибрді ұстанды, ал Ресей мен ЕЭО елдері әлі де 1520 мм салынған құрылысты қолданады ол Кеңес өкіметі кезінде кеңінен қолыданылған (Xiang Jie, 2018: 126). Нәтижесінде ұқсамаған теміржол әдісімен елге екіжақты жүктерді тасымалдау қиынға соғады. Жүктерді тасымалдау процесін бірнеше рет қайта жүктеу қажет, ал уақыт пен капитал шығындары артады. Қытай мен Ресей салатын «Мәскеу-Қазан-Пекин» жүрдек теміржол жобасының «Қазан-Бейжің» учаскесінің баяу болу себебі. Соныменбірге, Өнімдерге қызмет көрсету мен құрылыс процестерін басқарудағы әр түрлі стандарттар құрылыс мерзімін ұзартудан қайта өңдеуге және тоқтатуға дейінгі екі жақты ұқсамастық ұзаққа созылған келісулерді қажет етеді.

Орталық Азияға бағытталған экономикалық бәсекелестік төрт тараптан келуде. Фото; EURACTIV.com

Нәтижелер мен Талқылау

«Белдеу және ЕЭО мүдделік тоғысуы» - бұл бір елдің бастамасы және одақтас ұйым арасындағы қатынас, нақты іске асыру мен ілгерілеу әлі де барлық тараптардың күш -жігеріне сүйенуі керек. Сонымен, тоғысу қатынасындағы серіктестері кім және олардың арасындағы байланыс қандай екенін нақтылау қажет. Тоғысушы тұрғысынан - «Бір белдеу», «ЕЭО» - жеке жеке бір қатысушы. «ЕЭО» тұрғысынан ол тек бүкіл одақты ғана емес, сонымен қатар одақ құрамындағы егеменді мемлекеттерді де қамтиды. Сондықтан, байланыс тек Қытай мен одақ арасындағы байланысты білдірмейді.

«Бір белдеу бір жол» бастамасы Еуразия континенті үшін қандай даму бағытын алып келеді? оның континентегі халыққа қосар ұлесы қанда? Деген сұрақтар туындайды. Еуразия құрлығындағы маңызды стратегиялық ұйым ретінде Еуразиялық экономикалық одақ географиялық орналасуы мен  мүдделік мақсаттарына байланысты Қытайдың «Бір белдеу» бастамасының кейінгі күн тәртібінде мақсаттарын жұзеге асыруда міндетті түрде байланыс орнатуға тисті географиялық ең жақын аймақтық ықпал күш. Атап айтқанда, бұл Қытайдың «Бір белдеу» құрылысының маңызды әріптесі және өрістету аймағы, сондықтан Қытайдың «Бір белдеу» бастамасыны дамуы объективті түрде онымен белсенді мүдделік қатынас орнатуды қажет етеді. Қытайдың ұйыммен келсуы міндетті болуының себептері мынадай деп қарастыруға болады:

  1. Еуразиялық экономикалық одақ «жібек жолының экономикалық белдеуі» бастмасының басып өтетін аймағына орналасқан.

Екі жақтың аймақтық орналасуы мен мүмкін болатын халықаралық кеңістіктің жақын орналасуына байланысты Еуразиялық экономикалық одақ Қытайдың  «жібек жолының экономикалық белдеуінің» батысқа қарай байланысқа шығатын негізгі географиялық түйінді стратегиялық маңызға ие аймақ (Igor Makarov, 2016). Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі мүше мемлекеттері (Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Армения) сәйкесінше жібек жолы белдеуінің географиялық бағыттарының «Солтүстік желісі» мен «Орталық желісіне» орналасқан. Олардың барлығы Қытайдың «Бір белдеудің» бірлескен келісімге келіскен және бастамамен жоспарланған алты экономикалық дәліздің үшеуі (Қытай-Моңғолия-Ресей, Қытай-Орталық Азия-Батыс Азия және Жаңа Еуразиялық құрлықтық көпір) осы жерден өтеді. Әсіресе Ресей Одақтағы жетекші ел ретінде Қытай елінің маңызды әріптесі, әрі Қытайдың келісіуге тисті маңызды стратегиялық әріптесі (Igor Makarov, 2016). Қытайдың аймақтық экономикалық ынтымақтастық жобасы кейінгі күн тәртібінде ЕЭО пен қатынасын қалай келісу және жетекші ел Ресеймен байланысты жақстарту жұмыстарын, мүдделік қатынастарын біржәйлі етуді басты назарға алады.

  1. Әлемдік аймақтық экономикалық ынтымақтастық үдерісінің талабы.

Қытай, Ресей, Орталық Азия елдері болсын олардың өздерінің дамуы көршілес елдер мен немесе аймақтың дамуы мен тікелей байланысты. Әлемдегі белді елдлер казіргі таңды маңындағы елдерді аймақтық экономикалық шеңбері аясында жұмыс жасауға шақырады, Орталық Азияда Ресейдің ЕЭО, Қытайдың «жібек жолның экономикалық белдеуі» бастамасы осы үдерістің көрінісі. Экономикалық мақсаттар тұрғысынан алғанда, «Белдеу мен жолдың» және «ЕЭО» дамыту өзара байланысқа негізделеді, бұл бағыт бойынша елдер мен аймақтардың инфрақұрылымы бастапқы нүкте ретінде, ал трансшекаралық, экономикалық мақсат- -айматар арасында еркін сауда. Аймақтағы елдердің ортақ келісім мен жұзеге асады, олай болмаса жобаның жұзеге асуы қиындыққа ұшырайды. Бұл жөнінде Қытай сыртқы істер министрі Ван И дың мына сөзін атап өтуге болады: ««Белдеу мен жолды» ілгерілету процесінде біз «өзара кеңесу, бірлескен үлес қосу және бөлісу» қағидасын ұстанамыз, консультацияны тең дәрежеде қолдаймыз және барлық елдердің тәуелсіз таңдауларын толық құрметтейміз. Біз барлық тараптардың жайлылығына назар аударатын боламыз, ашықтық пен ашықтықты сақтауға, әр түрлі елдердің даму стратегиясымен байланыстыруға және қолданыстағы аймақтық тетіктерді толықтыруға. «Бір белдеу-бір жол» тұжырымдамасы-ортақ даму, ал мақсат-ұтымды ынтымақтастық. Бұл Қытайлық отбасының «симфониясы» емес, барлық елдердің қатысуымен болатын өркестірде орындалатын «симфония».» (Official website of the Chinese Embassy, 2015).

  1. «Бір белдеу бір жол» мен «ЕЭО» селбестігі екі жаққала тиімді.

Екеуінің аймақта мүдделері бар, сырттағы басқа күштердың аймақтағы мүддесін ескерсек екуінің мүдделік келісуы тиімді, әрі кейінгі күн тәртібінде бәсекелестік сақталатына сөзсіз. «белдеу және жол» бастамасының Орталық Азиядағы дамуына Одақтың кедергілер мен қысымдар келтіретіні анық. Қытайдың 2015 жылы ЕЭО бен келісімге келуі, Институционалдық бәсекелестікті-селбестікке, кедергіны-мүдделік күшке өзгеріс жасау. Сыртқы күштердің аймақтағы мүддесі олардың келісімге келудің мүдделік тоғысудың тиімділігін көрсетті (Tony V. D, 2020).

  1. ЕЭО ның сыртқы экономикалық қатынастарын дамытуда жаңа мұмкіндік.

 Одақ елдерінің экономикалық дамуы бірізді емес, Ресей ұйымның экономикалық негізі ЖІӨ ның 80% Құрайды (CAREC Secretariat web, 2020), басқа елдердің ұстайтын салмағы аз. ЕЭО да Ресей мен Қазақстан экономикасы басты орында, Беларусь пен Арменияның өнеркәсіптік негіздері жақсы, ал Қырғызсатн бастапқа кезеңде. ЕЭО елдерінің экономикалық көлемі, экономикалық даму деңгейі мен экономикалық даму кезеңі бойынша айқын бірыңғай емес ерекшеліктері бар екенін байқауға болады, Ресей басты жетекші ел, cондай-ақ одақтың дауысы мен шешім қабылдау құқығын Ресейдің жетекшілігінде болады, ал басқа шағын елдердің мүдделерін қорғау қиындықтар туғызады, ішкі айырмашылықтар артқан сайын одақ механизмінің тұрақтылығы мен дамуына да белгілі бір дәрежеде әсер ететінін көруге болады. Сол себепті де, ЕЭО ның Қытайдың аймақтағы экономикалық бастамасымен селбестік орнатуы екі тіректі күшті ел және басқада жетектегі елдердің экономикалық тимділікты дамытуға болады. Экономикалық салмақ тек Ресейдің мойнында емес, сыртқы экономикалық қатынстағы «жібек жолының экономикалық белдеуі» бастмасынанда тиімді айдалануға болады.

Ресей және Қытай басшылары. Фото: ЭКД.

Қорытынды

Ресей әлемдегі саяси күшы қуатты ел және Орталық Азия аймағымен тарихи, тілдік және мәдени байланыста, соныменбірге, экономикалық ықпалының басым орында болуы себепті аймақтағы белді ықпалды саяси ойыншы ретінде қарастырылады. Қытай әлемдік саясатқа араласушы және экономикалық, өнеркәсіптік дамуы әлемде алдынғы қатарда болуымен танымалы. Қытай-Ресей қатынастары әлемдік саяси жұйенің өзгерісіне байланысты өзгеріп отырды. Екі ел қатынастары АҚШ бастаған Батыс елдерімен қатынастарына байланысты жақындасады. Алайда «Қырғый қабақ» екі әлемге жіктелу аяқталғанан кейін, екі ел қатынастары өзара сенімді, ынтымақты дамыды. 2013 жылы Қытай елі аймақта «жібек жолының экономикалық белдеуі» аймақтық экономикалық бастамасын көтерді. Аймақ елдері бұл жобаға қолдау көрсетті. Алайда 2015 жылы Ресей аймақтағы Қазақстан және Қырғызстан елдерімен ЕЭО ның кедендік келісімін жұзеге асырды. Осыдан кейін халықарлық қатынастарды зеріттеушідлер екі бастаманың мүдделік қатынастары туралы зеріттеулерін жалғастырды. Екі жақ 2015 жылы «ЕЭО мен Бір белдеру бір жол селбестік» келісіміне қол қойысты.

Екі тараптың ортақ қилысқан мүдделері және қилыспайтын мүдделік бәсекелстік аспектілеріде бар. Екі тарап арасындағы бәсекелестік қилыспайтын мүдделеры мыналар:

  1. Аймақтағы сауда нарықына бәсекелестік
  2. Көлік инфрақұрлымдарына бәсекелестік
  3. Техникалық қызмет көрсетуде бірлікке келе алмау

Ал олардың байланыстаратын ортақ қилысатын мүдделерін қарастырсақ мынадай:

  1. Екуінің де мақсаты аймақта экономикалық тиімдлілікты дамыту және сыртқы күштердің аймақтағы ықпалының артыуынан сақтану
  2. Әлемдік аймақтық экономикалық ынтымақтастық дамуының талабы
  3. Жалпы жұйенің экономикасын дамыту арқылы жеке елдердің экономикасын бірлікте алға ілгерлетуге болады.

Аймақтағы мүдделік байланыстағы екі тараптың ортақ бір жұйе ретінде жұмыс жұргізуы атап өткендей бәсекелестіктерге байланысты қиындықтар туғызады. Алайда екі жақтың ортақ мүдделік байланыстары бар сол үшінде келісім негізінде экономикалық байланыстар мен саяси қатынастар орнатады.

 

Әдебиеттер тізімі

Yi Rui. Restudy of the Concept of Borders in the Early Qing Dynasty and the Treaty of Nerchinsk // Journal of Sichuan Normal University (Social Science Edition), Volume 46, Issue 2. 2019. (In Chinese)

Shen Zhihua. "An Outline of the History of Sino-Soviet Relations: A Further Discussion on Several Issues in Sino-Soviet Relations from 1917 to 1991" //  Social Sciences Archives, Beijing. 2011. p 2. (In Chinese)

Lina. "Silk Road Economic Belt": Challenges and Prospects for Sino-Russian Economic Cooperation // Doctoral Dissertation. Shanghai International Studies University. December 2018. (In Chinese)

Lu N. "The Status Quo and Prospects of Sino-Russian Economic and Trade Relations" // Beijing: China Social Sciences Press, 2011 edition, pp. 115-145. (In Chinese)

Official website of the Ministry of Foreign Affairs of China. URL: https://www.fmprc.gov.cn/web/zyxw/t1887564.shtml.

President of Russia. (June 23, 2016). Interview with China's Xinhua News Agency. http://www.en.kremlin.ru/events/president/news/52204

А.М. Акматалиева. Перспективы реализации экономического пояса шелкового пути КНР в Центральной Азии // Вестник КРСУ.2018. Том 18. №7.-С. 111-115.

Sean P. The Eurasian Economic Union: A case of reproductive integration? // Post-Soviet Affairs, November.2015. issue 6.

Аманжол Кошанов. «Единый пояс шелкового пути» и перспективы формирования обьединенного Евразийского Экономического Сообщества // ОБЩЕСТВО И ЭКОНОМИКА, № 4. 2016.

Zhou M. Promoting the integration of the “Belt and Road” and the Eurasian Economic Union // Economic Daily, 09. 2017. pp. 1. (In Chinese)

Xiang Jie. Research on the docking and cooperation between the Silk Road Economic Belt and the Eurasian Economic Union // Doctoral Dissertation of Xinjiang University. June 9, 2018. (In Chinese)

РИА Новости. По итогам встречи с Си Цзиньпином президент РФ Владимир Путин подчеркнул, что в перспективе речь может идти об общем экономическом пространстве на всем евразийском континенте. https://ria.ru/20150508/1063428414.html

Li Qian. What Chinese goods does Russia need? // Import and Export Manager, Issue 3. Page 46. 2019.  (In Chinese)

China Briefing. China and Central Asia: Bilateral Trade Relationships and Future Outlook. Internet source: https://www.china-briefing.com/news/china-and-central-asia-bilateral-trade-relationships-and-future-outlook/

Осипов Г.В., Кубрин А.А., О пресректиах включения проекта «Единая Евразия: Транс-Евразийский пояс RAZVITIE (ТЕПР)- Интегральная Евразийская транспортная система (ИЕТС) как мегапроекта в транспортую стратегию Российской Федерации на период до 2030 года»  //  Международный журнал перспективных исследований, Т. 10, №4, 2020

Official website of the Chinese Embassy: https://www.fmprc.gov.cn/ce/cgosaka/chn/zgxw/t1243595.htm

Igor Makarov, Anna Sokolova. The Eurasian Economic Union and the Silk Road Economic Belt: Opportunities for Russia // International Organisations Research Journal. Vol. 11. No. 2. P. 40–57 . 2016.

Tony V. D., EU & EURASIAN ECONOMIC UNION: A COMMON CHINESE CHALLENGE // Institut fuer Sicherheitspolitik (ISP). 30 April 2020. https://www.institutfuersicherheit.at/the-eu-and-the-eurasian-economic-union-dealing-with-a-common-chinese-challenge/

CAREC Secretariat web. CAREC 2030 Institutional Framework. Internet resource:  https://www.carecprogram.org/?page_id=13321.

 

References

А.M. Akmatalieva. (A.M. Akmatalieva.). (2018) Perspektivy` realizaczii e`konomicheskogo poyasa shelkovogo puti KNR v Czentral`noj Azii. [Prospects for the implementation of the economic belt of the Silk Road of the PRC in Central Asia]. OBShhESTVO I E`KONOMIKA.  № 4.

Amanzhol Koshanov. (Amanzhol Koshanov.). (2016) «Edinyj poyas shelkovogo puti» i perspektivy formirovaniya ob'edinennogo Evrazijskogo Ekonomicheskogo Soobshchestva. ["Single belt of the silk road" and the prospects for the formation of a united Eurasian Economic Community]. OBShchESTVO I EKONOMIKA, № 4.

CAREC Secretariat web. (2020) CAREC 2030 Institutional Framework. Retrieved from  https://www.carecprogram.org/?page_id=13321.

China Briefing. China and Central Asia: Bilateral Trade Relationships and Future Outlook.  Retrieved from https://www.china-briefing.com/news/china-and-central-asia-bilateral-trade-relationships-and-future-outlook/

Igor Makarov, Anna Sokolova. (2016) The Eurasian Economic Union and the Silk Road Economic Belt: Opportunities for Russia // International Organisations Research Journal. Vol. 11. No. 2. P. 40–57 .

Lina. (2018) "Silk Road Economic Belt": Challenges and Prospects for Sino-Russian Economic Cooperation // Doctoral Dissertation. Shanghai International Studies University. (In Chinese)

Lu N. (2011) "The Status Quo and Prospects of Sino-Russian Economic and Trade Relations" // Beijing: China Social Sciences Press, pp. 115-145. (In Chinese)

Li Qian. (2019) What Chinese goods does Russia need? // Import and Export Manager, Issue 3.  (In Chinese)

Official website of the Ministry of Foreign Affairs of China. (2014). URL: https://www.fmprc.gov.cn/web/zyxw/t1887564.shtml.

Osipov G.V., Kubrin A.A. (Osipov G.V., Kubrin A.A). (2020) O presrektiakh vklyucheniya proekta «Edinaya Evraziya: Trans-Evrazijskij poyas RAZVITIE (TEPR)- Integral`naya Evrazijskaya transportnaya sistema (IETS) kak megaproekta v transportuyu strategiyu Rossijskoj Federaczii na period do 2030 goda» [On the prerequisites for the inclusion of the project "United Eurasia: Trans-Eurasian Belt RAZVITIE (TEPR) - Integral Eurasian Transport System (IETS) as a megaproject in the transport strategy of the Russian Federation for the period up to 2030"]. Mezhdunarodny`j zhurnal perspektivny`kh issledovanij, T. 10. (In Russian)

Official website of the Chinese Embassy. (2015) Retrieved from https://www.fmprc.gov.cn/ce/cgosaka/chn/zgxw/t1243595.htm

President of Russia. (June 23, 2016). Interview with China's Xinhua News Agency. http://www.en.kremlin.ru/events/president/news/52204

RIA News. (2015) Po itogam vstrechi s Si Czzin`pinom prezident RF Vladimir Putin podcherknul, chto v perspektive rech` mozhet idti ob obshhem e`konomicheskom prostranstve na vsem evrazijskom kontinente. [Following the meeting with Xi Jinping, Russian President Vladimir Putin emphasized that in the future we can talk about a common economic space on the entire Eurasian continent.]. Retrieved from https://ria.ru/20150508/1063428414.html (In Russian)

Shen Zhihua. (2012) "An Outline of the History of Sino-Soviet Relations: A Further Discussion on Several Issues in Sino-Soviet Relations from 1917 to 1991" //  Social Sciences Archives, Beijing. (In Chinese)

Sean P. (2015) The Eurasian Economic Union: A case of reproductive integration? // Post-Soviet Affairs, November. issue 6.

Tony V. D. (2020) EU & EURASIAN ECONOMIC UNION: A COMMON CHINESE CHALLENGE // Institut fuer Sicherheitspolitik (ISP). Retrieved from https://www.institutfuersicherheit.at/the-eu-and-the-eurasian-economic-union-dealing-with-a-common-chinese-challenge/

Xiang Jie. (2018) Research on the docking and cooperation between the Silk Road Economic Belt and the Eurasian Economic Union // Doctoral Dissertation of Xinjiang University. June 9.  (In Chinese)

Yi Rui. (2019) Restudy of the Concept of Borders in the Early Qing Dynasty and the Treaty of Nerchinsk // Journal of Sichuan Normal University (Social Science Edition), Volume 46, Issue 2. (In Chinese)

Zhou M. (2017) Promoting the integration of the “Belt and Road” and the Eurasian Economic Union // Economic Daily, 09.  (In Chinese)

Қаһар Қанат

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аймақтану кафедрасының докторанты

The Qazaq Times