Ресейде 2021 жылдың қыркүйегінен кейін саяси, ақпараттық, үгіт-насихат жобалары мен сайлаушылардың назарын аударуға бағытталған сайлауалды шаралар аяқталды. Десе де, соған қарамастан, интернетте және медиа кеңістікте ұлтшылдық тақырыпты қозғау үрдісі тоқтар емес. Естеріңізге сала кетейік, сайлаушылардың назарын аударып, ресейлік партиялардың қызметін насихаттау мақсатында Украина туралы, «Қоршаудағы бекініс» идеологиясы аясында Ресейді батыс агрессорларынан қорғау туралы түрлі тақырыптар көтерілді.
Орыс тілін қорғау, Қазақстан мен Қырғызстанда ұлтшылдықтың дамуы тақырыбы Ресейдің Парламенті мен жергілікті билік органдарына сайлауға қатысқан саяси партиялар мен көшбасшылар үшін бұл назарын аудартудың бір тетігі болды. Уақыт өте келе сайлау науқаны кезінде Ресей партияларынан шыққан көшбасшылар мен депутаттары өздерін орыс тілінің «қорғаушысы» мен Орталық Азия елдерінің орыс тілді азаматтарының құқықтарының «сақтаушысы» ретінде көрсетті. Алайда, сайлау алдындағы PR-науқан аяқталғанына қарамастан, орыс тілінің мәртебесі, оның қорғалуы мен Орталық Азия елдеріндегі ұлтшылдықтың белең алып бара жатқандығы туралы мақалалар мен пікірлер легі басылған жоқ. Сайлауда жеңіске жеткеннен кейін Орталық Азиядағы ұлтшылдық тақырыбы сол тілді «қорғап» құрмет жинаған партиялар мен интернет кеңістігі мен ресейлік БАҚ үшін маңызын жоғалтуы мүмкін болатын.
Дегенмен, ірі ақпараттық агенттіктер мен ресейлік БАҚ-тарға жасалған үстірт шолудың өзі бұл тақырыптың өзекті болып қала беретінін көрсетті. Мүмкін саяси партиялардың көшбасшылары, Ресей парламентінің депутаттары мұны белсенді түрде талқылап, оған көп тоқталмауы да ғажап емес. Бірақ ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының өзі бұл «соқпақ жолда» әрі қарай жүруді жалғастырып жатыр. Соңғы кезде ұлтшылдықтың өсуі, орыс тіліне келетін қауіп пен орыстілді азаматтарға жасалатын қысым туралы дайындалған жаңалықтар мен репортаждар қайтадан пайда бола бастады.... Олар «Кеңес үкіметі қазақтарды ұлт жасап, оларға мемлекет құрып берді. Мемлекеттілік, мәдениет пен жазу-сызу ілімі - осының бәрі Мәскеуден бастау алады »...деген пікірді қостайды.
Күнде болатын ішімдікке салынған адамдардың қақтығысы, балалар арасындағы төбелес. Осының бәрін блогерлер сәтті пайдаланады. Олардың қулығына құрық бойламайды. Оларға сілтеме жасай отырып, орыс тілін, шет елдердегі орыс тілділердің құқықтарын қорғау тақырыбы не үшін сонша көтеріліп жатыр деген маңызды сұрақ туындайды. Бұған ұқсас оқиғаларды қазіргі уақытта кез-келген мемлекетте кездеседі. Яғни мұндай мысалдарды әр түрлі ұлт өкілдері тұратын елдерден табуға болады. Оған Ресейдің астанасы мысал бола алады. Онда ұлтшылдық пен оған төзбеушіліктің көрініс жиі орын алады. Оған орыстардың өздері жағдай жасайды.
Алайда, кейбір өзгерістер мен толықтыруларды атап өтуге болады. Мәселен, біреу әдейі тақырыпқа жаңа леп беру үшін, дау-дамау туғызу үшін өршітіп жазады. Мәселен, егер бұрын сайлауға дейін ұлтшылдықтың өсуінің жалпы себебі, құқық қорғау органдары тарапынан пәрменді шаралардың болмауынан деп шабуыл жасалса, ал сайлаудан кейінгі жаңа кезеңде нақты адамдарға жасалған шабуылдың жаңартылған сипаты көрініс тапты. Онда Президенттің көмекшісі Е.Кариннің және Қазақстанның білім министрі мен Нұр Отан партиясы депутатының есімдері аталады. Бұл жерде ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары шенеуніктер мен депутаттарды қай тұрғыдан болсын сынай алады. Бірақ олардың қарсы жауабын күтпейді. Мүмкіндіктері болып тұрса да, Қазақстанның өкілдері мен бетке ұстар тұлғаларынан, шенеуніктерінен қандай да бір теріске шығаруға қатысты түсініктеме алмайды. Осының өзі таңқаларлық жағдай.
Егер бұрын сайлауға дейін орыстілді халықтың құқықтарының бұзылып, орыс тілінің таралу деңгейі тарылып барады деген дақпырт Қырғызстан мен Қазақстанды айналып өтпейтін. Үнемі мысалыға алып талқыланатын. Енді оған Өзбекстан келіп қосылды. Көптеген ресейлік ақпараттық агенттіктер мен ғаламтордағы бұқаралық ақпарат өкілдері бірауыздан «Өзбекстан орыс тілінен бас тартып жатыр. Онда тек өзбек тілінде сөйлеуге үндейді. Сондай-ақ, «Ташкентте сегіз жасар баланы орыс болғандықтан ұрып-соқты» деген хабарламаларды жариялай бастады. Яғни,Өзбекстанда ұлы халықтың күндері аяқталды, деп дабыра жасады.
Бұл түсінікті жайт. Қазір елді елең еткізетін «жарылғаш» тақырыптарды іздеу оны өз мақсатына пайдалану және рейтингке ұмтылу, ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының хайпі болуы мүмкін. Себебі капитализм мен нарықтық экономиканың талабы осы. Яғни, халық соның ішінде қалың оқырманның сұранысына ие нәрсені қамтамасыз етеді.
Мәселен, «Риа новости», «Lenta.ru», «КР.ру», «МК.ру», Риа Новости, Лента.ру, KR.ru, MK. шыққан тілге қатысты материалдар Орталық Азиядағы басқа да жаңалықтарға қарағанда көп оқылады. Сондықтан, рейтингі жоғары. Оны жазылған пікірлерден-ақ аңғаруға болады.
Тіпті Талибан мен Ауғанстан, Еуропалық Одақ , Ресейдің Орталық Азиямен ынтымақтастығы, Қазақстан футболы, ЕАЭО, Қазақстанда оқ -дәрілердің жарылуы сияқты ақпараттар легі мұндай пікірталас тудырмайды. Шынын айтқанда, MK.ru сайтында жарияланған "Қазақстан Парламентінің маңдайшаны қазақ тілінде жазу туралы шешімі жайындағы мақала жоғары рейтингке ие болды. Бұл қауіпті үрдіс. Осының бәрі барлығы қоғамдық пікірдің қалыптасқанын көрсетеді. Қазақстан мен Қырғызстан туралы нақты стереотип қалыптастырған әлеуметтік топ бар, онда орыс тілді халықтың құқықтары аяққа тапталып жатыр. Оған дәйекті дәлел бар. Орыс тілі кеңінен қолданылмайды. Оны пайдалану аясы тарылып барады, деген пікірлер басым болып кеткен.
Қорыта айтсақ, ресейлік медиа кеңістікте ұлтшылдық тақырыбы оқырмандардың назарын аударатын жеңіл әдіске айналды. Сайлау кезінде бастау алған ұлтшылдық мәселесінің нәтижесінде қауіпті үрдіс белең алды. Қазір тіптен күшейіп барады. Қазір осыған орай қалыптасқан әлеуметтік топ Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан туралы ақпараттық хабарларды тек теріс жағынан қабылдауға дайын болып алды. Осыдан келіп, дәл соларда «Орталық Азия елдерінде ұлтшылдық әрекеттер белең алды. Оған қоса «орысшадан» бас тарту жүріп жатыр стереотип қалыптасады. Әрине содан кейін достастық елдерге көзқарас не себепті өзгерді», деп сұраудың қажеті шамалы.
Оны «Қос стандартты» таңғажайып мысал десе болады...
Дәл сол топ орыс тілін өз бетінше және өз еркімен үйренетін қазақтар мен қазақстандықтарды әсіре мақтайды, Бұл жерде орыс тілін білмесе ешқандай қысым болмайтындығы туралы айтылмайды. Керісінше, қазақтар үшін орыс тілі іскерлік байланыс орнатуға, білім алуға және жұмысқа орналасу үшін аса қажет, деген пікірді қос қолдарын көтеріп қолдайды.
A+ Analytics сараптама орталығы