Бүгін, 20 қыркүйек күні қазақтың тағы бір дарынды қаламгері, ақын, прозаик Рафаэль Ниязбеков 78 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Рафаэль Ниязбек 1943 жылы Жамбыл облысы Талас ауданында дүниеге келген. 1978 жылы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін тамамдаған. Қаламгер Қазақ радиосында, «Жулдыз» журналында, «Жазушы» баспасында еңбек еткен. Қазақ әдебиетінің қазынасына «Өркен», «Биіктей бер, тауларым», «Жетіген», «Тамұқ отына жанбаған», «Шешендер», «Ичкерия» атты жыр жинақтарын, «Отағасы», «Қаңтар», «Қызғыш құс» сияқты повестері, «Қызыл үй», «Тас құдай» қатарлы прозалық шығармаларын сыйлаған.

Р.Ниязбеков Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері әрі Шешенстан Республикасының ең жоғары «Ұлт намысы» орденінің иегері.

Орыны толмас қазаға байланысты қаламгердің отбасы мен жақын туыстарына, ағайын-достары мен қазақ еліне қайғыра отырып көңіл айтамыз!

The Qazaq Times