Жапония үкіметі Сенкаку (Дяоюдао) даулы аралдарына қатысты мәселеге байланысты Қытайға кезекті мәрте наразылық білдірді. Бұл туралы Japan Times сайтына Министрлер Кабинетінің Бас хатшысы Кацунобу Като хабарлады.
Жексенбіде Жапонияның премьер-министрі Ёсихидэ Суга кеңсесінің жанындағы Сенкакудағы жағдай туралы жедел ақпарат жинау және талдау бойынша арнайы дағдарыс штабы құрылды. Соңғы рет Қытай патрульдік кемелері бұл аймаққа 28 тамызда кірген.
Шығыс Қытай теңізіндегі Сенкаку архипелагының айналасындағы аумақтық дау 2012 жылы қыркүйекте ушыға түскен. Сол жылы Токио бұл аралдардың жеке иелерінен сатып алынғанын жариялады. Осыдан кейін Қытайдың бірқатар аймақтарында Жапонияға қарсы демонстрациялар өткен.
Негізінен Жапония тарапы дәл осы мәселе бойынша маусымда Қытайға наразылық нотасын жолдаған. Жапонияның шағымынан кейін, АҚШ Қытайға ескерту жасады. АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы Майк Помпео:«Біз Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізін жеке меншік теңіз империясы ретінде қарастыруына жол бермеуіміз керек. АҚШ үкіметі осы мәселе бойынша мәлімдеме жасайды», – деп мәлімдеген.
1895 жылы империялық Қытаймен соғыста жеңіске жеткен соң, Сенкаку аралдары мен Тайуань Жапония құрамына қосылды. Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілгеннен кейін Токио Тайуаньға басшылық ету құқығынан бас тартты. Ресми Бейжің Сенкаку аралдарын да иеленгісі келеді. Алайда, Жапония үкіметі бұл аралдар соғыс нәтижесінде аннексияланбады дейді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы