– Өміріңізде «Әттең, әйел баласымын!» деп тағдырға налыған кезіңіз болды ма?
– Жоқ, тағдырыма налыған емеспін. Ол күнә ғой. Ой-парасаты, көрегендігі ширегіңе келмесе де, «шәпкесін шалқайта киіп шіреніп, еркек тыныстылардың «жүзінен» болғандықтан сенің төбеңнен шікірейіп қарайтындар, әр түрлі жолмен жорғалап жүріп жеткен биік орындығында отырып, алдындағы маған адамсып ақыл айтқандар талай ызаландырғаны рас.
Ел десе, өз басының жыры қалып
жүретін жігіт қайда нұры жарық?
Басыма өзім кигім кеп тұрады,
қалпағын кейбіреудің жұлып алып.
Кей ерде өз-өзінен үміт солып,
бүрсиген шуақта да бұғып, тоңып.
Қыз болып туғаным да артық екен
жүргенше намысы жоқ жігіт болып! – деп жазғаным бар еді әлгіндейлер туралы.
БАҚ-қа берген сұхбатынан
“The Qazaq Times”